1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16009) 21 сәуір, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 сәуір 2015
Шай дорбашасының да пайдасы бар

Қазiргi жұмыс кеңселерiн бiр реттiк шай қорабынсыз елестету мүмкiн емес. Жұмысына кiрiспес бұрын кез келген қызметкердiң бiр кесе ыстық шайды буын бұрқырата iшiп, жұмыс күнiн iштей жоспарлап алуы да қалыптасқан жағдай. Алайда кесеге бiр малынып алын­ған шай дорбасын қоқыс шелегiне тастауға асықпаңыз. Өйткенi пайдаланылған шай дорбасын тағы да басқа қажеттерiңiзге жаратуға болады.

Терiңiздегi көгерген, аздап қызарған немесе жырылған, жәндiк шаққан тұсына пайдаланылған шай дорбашасын 15 минутқа қойыңыз. Сiздi мазалаған терi мәселесiн сол дорбаша шешетiнi сөзсiз. Сондай-ақ, пигмент дағын, ұшық пен көздiң айналасындағы қара шеңбердi де шайдың дорбашасын қою арқылы кетiруге болады.
 
Қолданылған шай дорбашаларын кептiрiп, жағымсыз иiстердi кетiруге пайдалануға болады. Тоңазытқыш, ылғал аяқкиiм, бөлме ауасын тазартуда кептiрiлген шай дорбашасы өте пайдалы.
 
Майлы, тамақ қалдығы қатып, жууға қиындық туғызған ыдысқа су құйып, үстiне шай дорбашасын салып бiрер минутқа жiбiтiп қойып жусаңыз, аяқ-табағыңыз айнадай жарқырап шыға келедi.
 
Үйдегi құрт-құмырсқа, шыбын, масадан шай дорбашасын әр бұрышқа қою арқылы құтылуға болады.
 
Тоңазытқыштың iшiне қолданылған шай дорбашасын салып қойсаңыз, жағымсыз иiстен құтыласыз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті