1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16009) 21 сәуір, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 сәуір 2015
Өбектеудiң арты өкiнiшке ұрындырады

Әлеуметтанушылар қазiргi кезде     20-22 жастағы қыз-жiгiттердiң өзiн бақытсыз сезiнуi жиi кездесетiнiн алға тартады. Мамандар бұл жағдайдың себебiн жастардың балалық шағымен байланыстырады. Сәбиiнiң бетiне түскен күн сәулесiн көлегейлеп, жел тигiзбей өсiруге күш салатын әке-шешенiң тым өбектеуi баланың болашағына қауiп төндiредi дейдi психологтар. Мұндай жағдай, әсiресе, қазiргi ата-аналардың бала тәрбиесiнде өте жиi кездеседi. Қадамын тәй-тәй басқан баласының жығылғанына шыр-пыры шығып, соның өзiн трагедияға айналдыру дұрыс па?

Қазiргi балалардың жағдайымен өзiмiздiң балалық шағымызды салыстыруға келмейдi. Бiз­дер баламыздың әрбiр талабын орындап, сұранысын қанағаттандыру үшiн ештеңеден тайынбаймыз. Дүниеге келген сәтiнен бас­тап, тiптi сәби болып шырылдап жылауына да жол бермейтiн әке-шешелер өте көп. Баланың қолын жайып сұрағанының бәрiн берiп, қалағанына қарсы келмеу де қазiргi ата-аналарға тән. Со­ның салдарынан бала да айналаны, қоғамды, жалпы өмiрдi әке-ше­шесiнiң қамқорлығындай қабылдайды. Айтқанымның бәрi орындала бередi деген түсiнiк санасына мықтап сiңген балаларымыз үлкен өмiрге аяқ басқанда өзiн бақытсыз сезiнiп, кейбiрi­нiң бұл жалғаннан баз кешетiнiн ескер­мейтiнiмiз өкiнiштi. Пер­зен­тiмiздi сүюге тиiспiз. Бiрақ оның алдында құрдай жорғалап, асты-үс­тiне түсiп өбектеудiң қажетi жоғын ұмытпаған жөн. Кез келген нәрсеге қол жеткi­зудiң оңай еме­сiн бала кiшкен­тайынан бiлiп өскенi абзал.

Жаныңыздағы кез келген ата-анадан сұрап көрiңiзшi, баласының бойынан қандай кемшi­лiктi көредi екен? Ешқандай! Керiсiн­ше, баласының әлдебiр кемшiлi­гiн айтқан адаммен қа­зiр­гi ата-аналардың басым бөлiгi жаға жыртысудан тайынбайды. Ал мұндай әрекетiңiздiң ақыры баланың шектен шыққан менменшiл болуына кеңiнен жол ашады. Сондықтан әрбiр әке мен шеше баласына қырағы сыншы болуға тиiс. Тәртiбi нашар деген ұстазын кiнәлағыш ата-ананың баласы өтпелi кезең жасында да, өмiрiнiң кейiнгi күн­дерiнде де үлкен күйзелiске түсетiнiн ға­лымдар зерттеп, дәлелдедi. Өйткенi бала күнiн­дегi оның қателiктерiн көзге iлмей қорғаштағандар кейiн соқ­талдай болған шағында “жұрт­тың сендей баласы ақша тауып, отбасын асырап отыр. Ал сен ештеңеге икемсiзсiң” деп құлақ етiн жеуге көшетiнi сөзсiз. 
Ата-атаның тарапынан жiбе­рiлетiн ендiгi бiр қателiк – “тапқан-таянғаным да, тiптi өмiрiм де тек балам үшiн” деген түсiнiк. Тәрбиелi, қоғамда сыйлы орынға ие боларлық баланы қалыптастыру үшiн балаға бiз­дер үлгi болуымыз керек. Ондай үлгiнi бала бiздiң жеке өмiрiмiз­ден алады. Баланың сұранысын орындау үшiн жұмсалатын артық шығын жұбайлар арасындағы дауға айналуы мүмкiн. Сондай сәттегi бажылдаған үндер мен тұрпайы жаман сөздердi кез келген бала өзiне үлгi ретiнде қабылдайды. Осындай жағдайды болдырмас үшiн әрбiр ата-ананың ең алдымен үлгi тұтарлық жеке өмiрi, өзiне ғана тән ұстанымы, мiнезi болғаны дұрыс.
Бала үшiн шешiм қабылдау – сорақы қателiкке жатады. Қа­зiргi ата-аналар баласының қай баламен достасуын, қандай     ойыншықпен ойнауынан бастап, қандай мамандық таңдауына дейiн өздерi шешiп-пiшедi. Әрине, баламыздың қателеспеуi үшiн деген себеппен осындай қадамға барамыз. Алайда өз таңдауын жасап, шешiм қабылдауды бала күнiнен үйренбеген адамнан кейiн не күтуге болады? Кез келген жағдайда балаңыздың пiкiрiмен санасып, оның таңдауына қолдау жасаңыз. Егер бала қателессе, оған ренiш артып сөгудiң қажетi жоқ. Өйт­кенi өмiр қателiк пен оны түзетуден тұрады.
Перзентiн өзгелермен салыс­тырып, “сен одан да жоғары деңгейге жетесiң” деп жел­пiн­­тiп, үнемi әлдекiммен жарыстыру да дұрыс емес. Өйткенi осындай әрекетiмiзбен баланы балалық шақ деп аталатын бақыттан қалай айырғанымызды бiлмей қалуымыз мүмкiн. Мәселен, пә­леншеден асып түсу үшiн сабақтан бас алмау, бос уақы­тын үйiр­­мелерде өткiзетiн қазiргi балалар шынайы бала болудың не екенiн бiлмей кетуi мүмкiн. Сiздiң балаңыздың ғұлама болуы мiн­дет­тi емес. Ең маңыздысы –өмiр сүрудi бiлетiн мықты тұлғаны қалыптастыру.
Келесi бiр қателiк – баламызды өз арманымыздағыдай қалып­тастыруға күш салу. Iште жат­қан шарана кезiнен-ақ әрбiр ата-ана сәбиiнiң болашақта кiм болып қалыптасқанын ойша елес­тетерi анық. Сол елесiнiң жете­гiнде жүрiп, жарық дүниеге келген перзентiн солай болуға баулиды. Өкiнiшке қарай, бiздер тағы да баланы таңдау құқығы­нан осылай айырамыз. Әкесi мен шешесiнен не көрсе, соны бойына сiңiретiн баладан артық қасиеттi талап ету ақылға сыйымсыз емес пе, қалай ойлайсыз? Есiңiзде болсын, бала ата-анасының әрбiр әрекетiн қалт жiбермей, назарында ұстайды. Сондықтан сiз­дiң балаңыз, тек сiздiң бойыңыздағы қылықтарды қайталаушы екенiн ұмытпағаныңыз жөн.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті