1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15991) 17 ақпан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
17 ақпан 2015
Нелiктен жалғызсыз?

Қазiргi қоғамда барлығы тез болатыны белгiлi. Уақыт тез өтедi деген сөзге iлесiп адамдар да арпалыса түседi. Дәл осы негiздiң арқасында адамдардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайтын болды. Яғни, қыз бен жiгiт кездессе, көбiнiң тұжырымы бойынша “көпке бармайды”. Расында да, нәтижесiнде солай болып шығады. Нелiктен? Неге қыз бен жiгiт арасындағы қызығушылық тез өшедi?

1. Себебi, бiз қорқамыз.
Мыңдаған фильм сюжет­терi, роман оқиғаларының баян­­дауының нәтижесiнде көп­теген адамдар “махаббат ауыр тиедi”, “махаббаттың артында қайғы болады”, “сүйге­нiң сенi тастап кетуi мүмкiн” деген секiлдi көп­теген ұстанымдарды жұқ­ты­рып алды. Расында да, бiр­қарым-қатынасты бастау алдында адам ойына неше түрлi күмәндi ойлар келедi. Кiм өзiн тастап кет­кендi қалайды? Әрине, ешкiм. Сол себептi бiз­дiң сезiмдерi­мiз­дiң ғұмыры тым қысқа болады.
Тiптi, кейбiр адамдар еш себепсiз өздерi кiтапты жабуға тәуекел етедi. Себебiн түсiн­дiр­мей, сүйгенiн тастап кетедi. Бұл әрекеттiң себебi “бiрiншi болып тастап үлгеру” дегенде жатыр.
 
2. “Уақыты келген жоқ”.
Махаббаттың уақыты қашан келедi? Бiр адаммен жұп құ­рау­дың нақты уақыты қашан? Бiзде бұл сұрақтарға жауап бар: “кезi келдi” деген уақыт жоқ.
Әрине, үйленудiң кезi мей­лiн­­ше жағдайды реттеп алғаннан кейiн келгенi дұ­рыс. Ал танысып, бiлiсудiң нақты мерзiмi тек өзiңiзге байланысты.
Кейбiр адамдар жоғарыда аталған қорқыныштың әсе­рiнен “уақыты келген жоқ” деп тұра қашады. Шыны керек, махаббат әдетте сiз дайын емес кезде келе­дi.
Тiптi, сiз оның не екенiн тү­сiнуге, оны қабылдауға дайын емес кезде келетiнi де ғажап емес.
 
3. “Ол мен үшiн тым жақсы”.
Махаббатта бәрi тең. Осы қағиданы есiңiзден шығармаңыз. Мейлi, оның жағдайы сiз­дiкiнен жоғары болсын, мейлi ол әдемi болсын, мейлi ол табысты болсын. Егер сiздiң ойы­ңызша “тым жақсы” адам сiзбен бiрге болуды шешсе, солай болуы тиiс. Сiзге еш нәрсе “қарызға” берiл­мейдi.
Сол секiлдi “мен ол үшiн тым жақсымын” дегендер де бар. Бұлай қателеспеге­нiңiз жөн. Өзiн керемет санайтын адам жалғыз өмiр кешуi ғажап емес. Әрине, өзiңiздi жақсы көруiңiз керек. Мұны өзiн өзгелерден артық се­зiнумен ша­тас­тыруға болмайды.
 
4. Соңғы әрi басты себеп.
Бiз үнемi мiнсiз адамды iздеумен боламыз. Ал ол адам жер бетiнде бар ма? Бар болса да, сондай адаммен тұра аласыз ба? Ойланыңыз... Бәл­кiм, жал­ғыздықтан құтылуға септiгi тиер.
“Массагет. Кз” сайтынан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті