1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15981) 13 қаңтар, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
13 қаңтар 2015
Отбасы ақпарат

БАЛАСЫН САТУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН ЖЕТIСПЕУШIЛIК

Талдықорған қаласының полициясы оқуының ақшасын төлеу үшiн жаңа туған нәрестесiн сатпақ болған жергiлiктi ЖОО студентiнiң бiрiн қолға түсiрдi. Дәл осындай жағдай былтырғы жаз мезгiлiнде Қарасай ауданында да тiркелген. Жергiлiктi базарлардың бiрiнде орналасқан фельдшерлiк пункттiң медбикесi Қазақстанға көршiлес республиканың азаматшасына нәрестесiн сатуға көмектескен.
 
ТIРКЕУ МӘСЕЛЕСI ОСЫЛАЙ ШЕШIЛМЕК
Ендi өз баспанасы жоқ азаматтар жұмыс орнына тiркелсе де болады. 1 қаң­­тардан бастап қолданыстағы заңнамаға осындай өзгертулер енгiзiлдi. Ал өз үйiнде тұрмайтын азаматты тiркеуге қойған пәтер иелерiне айыппұл салынады. Қазiр аттап бассаңыз, “тұрғылықты мекенжайға тiркеуге тұрғызып беремiн” деген хабарландыру алдыңыздан шығады. Тiптi алысқа барудың қажетi жоқ. Ақысын төле­сеңiз, үйде жатып-ақ, ға­ламтор арқылы да тапсырыс бере аласыз. Хабарлассаңыз болғаны, “шаруаңызды 10 минутта тындырып беремiз деп уәденi үйiп-төгедi. Астанада тiр­кеуге тұрудың 7 мың теңгеден кемi жоқ. Осындай заңсыздықтың жолын кесу үшiн бiрiншi қаңтардан бас­тап қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзiлдi. Бұрын азаматтар 10 күн iшiнде тiркелуге мiндеттi болса, қазiр тиiстi пәтер тауып, есепке тұрғанша 3 айға дейiн ескерту жасалады. Егер бұл мерзiмнен асып кетсе, алдымен 5 айлық есептiк көрсеткiш мөл­шерiн­де айыппұл салынбақ. Сондай-ақ пәтерiнде тұр­майтын азаматты тiркеуге қойып, пайдаға кенелмек болғандар да жазадан жалтара алмайды. Десек те, баспанасы жоқ жұмыссыз азаматтар қайда тiркелетiнi туралы жаңа заңда ештеңе айтылмағаны заңның әлi де шикiлiгiн көрсетедi дейдi заңгерлер.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті