1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15965) 18 қараша, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
18 қараша 2014
Балабақша – баулитын орта

Майлы Орманов атындағы орта мектептiң iшi­нен ашылған “Алау” шағын орталығы 2010 жылдан берi жұмыс iстейдi. Орталықта 5-3 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленедi. Осы балақайлардың тегiне қарап қуанасың. Ешқайсының да тегiнде келмеске кеткен Кеңес өкiме­тiнiң таққан “енi” – “ов, ев, ова, ева” жоқ. Бәрi бiрiздi. Тегi атасының атында, әкесiнiң есiмiне де “ович, евич, овна, евна” деген тiркеу жоқ. Тек балабақшадағы балақайлар емес, тегiн­де­­гi “ов, ев, ова, ева” деген жалғаудан арыл­ған оқушылардың да саны жыл сайын артып келедi.

Өкiнiшке қарай, соңғы уақытта балабақша баланың уақытын өткiзетiн орын деген қасаң түсiнiк бар. Осындай түйсiкпен кей ата-ана баласын балабақшаға бермейдi. Өзiмiз осы салада қызмет ететiндiктен, мұнымен келiспеймiн. Мәселен, бiздiң орталығымыза келетiн балалар тек ойнап уақытын өткiзiп қана қайтпайды. Әртүрлi тақырыптарда танымдық сабақ өтедi. Мысалы денсаулық, қатынас, шығармашылық, әлеуметтiк орта, таным, қоршаған орта деген сала бойынша балақайларды баулимыз. Денсаулықты күтудiң қарапайым қағидаларын баланың таным-түсiнiгiне қарай үйретсең, қағып алады. Балабақша келгенде оларға өлi су (суық су) iшсең тамағың ауырып, жөтелесiң деп баулысаң, тез дағдыланады. Қатынас сабағында тұйық, ұяң балалардың өзгелермен емiн-еркiн сөйлеуiне, ойын еркiн жеткiзуiне, көпшiлiк алдында қысылмауына бейiмдейдi. Осыдан кейiн балабақша тек уақыт өткiзетiн орын деп айта аламыз ба?
Күлиза Байсейiт,
“Алау” шағын орталығының тәрбиешiсi,
Жылысай ауылы,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті