1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15947) 16 қыркүйек, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
16 қыркүйек 2014
Қарапайым қағидалар

6-7 сағат ұйықтайтын адамның  мезгiлсiз ажал­құшуы 8 сағат ұйықтайтын кiсiден әлдеқайда аз болады. Ал күнiне 5 сағат ұйықтайтын адамда 3 есе жиi психологиялық мәселе туындайды.

Адамға өзiнiң атын естiгеннен жақсы дыбыс жоқ. Танысқан кезде адамның ең алдымен лауазымын, кәсiбiн емес, оның есiмiн жаттап алу қа­жет. Бұл – жақсы қарым-қатынастың негiзгi ережесiнiң бiрi.
Тез ұйықтау үшiн шалқадан жатып, дененi бос күйiнде ұстайды. Көздi жұмып, көздiң қарашығын тiке қарату қажет. Ұйықтап жатқан сәтте көздiң қалыпты тұрысы осындай болады. Мұн­дай үрдiсте адам қатты және тыныш ұйықтайды.
Психологтар әйелге бейтаныс ер кiсiнi сырт келбетiне қарап бағалау үшiн 45 секунд жет­кiлiктi дейдi. Оның 10 секунды сыртқы дене-бiтiмiне, 8 секунды көзiне, 7 секунд шаш үлгi­сiне, 10 секунд иегi мен ернiне және 5 секунд иығына кетедi. Қалған 5 секунд  қолында неке сақинасы бар ма, жоқ па соны бiлуге кетедi.
Оксфорд университетiнiң ғалымдары қобалжумен, күйзелiстен құтылудың ең пайдалы жолы  кiтап оқу деп санайды. Себебi оқу сана-сезiмге бiрден әсер етедi. Зерттеуде ол iшiмдiк iшу, шай iшу, музыка тыңдау, серуенге шығу секiлдi  сергiту амалдарын басып озған.
Махаббатта жолы болмай жүрген адам күй­зелiске ұшырап, тiптi психологиялық ауруларға шалдығады. Мысалы, Адели синдромы. Адели синдромы – бiр адамды құлай сүйiп, оған жiпсiз байлану.
Егер әлдекiм бiрдеңенi еске түсiргiсi келсе және сонымен қатар дәл көзiңiзге қарайтын болса, онда сiздi алдап жатыр дей берiңiз. Себебi мұны қысқаша гипноз деп айтады.
Әйел адамдар жiгiтiмен немесе жақсы көретiн адамымен  бетпе-бет отырып әңгiмелескен кезде ғана өздерiн сүйiктi сезiнедi. Ал жiгiттер керi­сiнше, эмоциялық жақындықты екiншi жартысымен сөйлескен кезде, жұмыс iстегенде, ойнаған сәтте сезiнедi.
 
“massaget.kz” ақпараттық порталынан.
Беттi дайындаған Меруерт Хусаинова.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті