1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15947) 16 қыркүйек, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
16 қыркүйек 2014
Сiз бiлесiз бе?

ОҚУШЫНЫҢ СӨМКЕСIНЕ МӘН БЕРIҢIЗ 

Португалия мемлекетiнiң мамандары ата-аналардың оқушы балаларының денсаулығына алаңдайтынын ескерiп, мектеп сөмкесiне қанша келiлiк зат салу керектiгiн болжайтын формула ойлап тапты.
Бұл мәселеге тек Португалия халқы емес, өзiмiздiң қазақстандық ата-аналар да алаңдап отырғанын айта кетуiмiз керек. Барлығы да баланың күнделiктi апаратын кiтабының ауыр болатынына шағым айтады.
Ойлап табылған формула әлем оқушылары үшiн жарайды. Ол өте қарапайым: оқушының сөмкесiндегi заттың салмағы бала салмағының 10%-ын ғана құ­рауы керек. Яғни оқушының салмағы 30 келi болса, сөмкеде­гi зат 3 келiден аспауы тиiс. Осы те­пе-теңдiк ескерiлген жағдайда ғана баланың денсаулығына ешқандай қауiп төнбейдi.
Дәрiгерлер сөмке сатып ал­ған кезде мұқият болып, бос сөм­кенiң салмағы жарты келiден аспауы керегiн ескертедi.
 
КӨП ОТЫРУ АДАМ ӨМIРIН ҚЫСҚАРТАДЫ
Зерттеулер көрсеткендей, адамның өмiр жасының ұзақтығы оның қанша уақыт бойы отыратынына байланысты.  Адам көп отырған сайын, оның хромосомаларының екi ұшындағы теломералар да қысқара бередi. Теломералардың басты қызметi – қартаюды тежеп, жаcушалардың тозуын, хромосомалардағы келеңсiз нәрселердiң пайда болуын алдын ала ескертедi. Сынаққа қатысқандар фитнеспен айналыса бастағанда, олардың теломералары да айтарлықтай ұзарған. Бұл – олардың өмiр жасы да ұзарды дегендi бiлдiредi.
Осыған байланысты ға­лымдар кеңселерде түрегеп тұрып жұмыс iстейтiн қызмет орындарының сәнге айнал­ғанын да атап өттi. Қандай жағдай болмасын, түрегеп тұру отырғанға қарағанда пайдалырақ. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті