1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (15905) 22 сәуір, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
22 сәуір 2014
Зейнеп Ахметова, Б.Момышұлының келiнi: Қазақтың ырымы энергетикалық кyшке айналып кеткен...

Бұл күндерi, Құдайға шүкiр, өз дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымызға мойын бұрып, шамамыз келгенше ұлықтап-ақ жүрмiз. Әсiресе, жастар жағы. Бүгiнгi үйлену тойларының арақ-шарапсыз өткiзiлiп жатқаны, әр-әр жерде торттың орнына “келiн шайының” берiлiп жүргенi осының айғағы болса керек.  Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы, ырым-тыйымы ұлттық кодқа, энергетикалық күшке айналып кеткенiн iштей мойындасақ та, жеме-жемге келгенде кежегемiз кейiн тартып, үркiп тұратын кезiмiз көп. Дегенмен, бүгiнде сәбилерiн бесiкке бөлейтiн, тұсаукесерге мән беретiн отбасылар көбейдi. Бұл – көңiл қуантарлық жағдай. Өз таным-нанымымыз өзiмiзге ғана жұғысты болатынын түсiне бастағандаймыз. Зейнеп Ахметованың бүгiнгi әңгiмесi де осыны аңғартады...

ШIЛДЕХАНА ТОЙЫНЫҢ ҚАНДАЙ МАҢЫЗЫ БАР?
Бала алғаш дүниеге келген күнi қазақ шiлдехана тойын жасайды. Шiлдеханада түнiмен ән айтылып, күй тартылған. Яғни, жаңа туған нәрестенiң алғаш құлағына естiлетiнi қазақтың әнi мен жыры болған. Осыдан соң қазақ қалай әншi болмайды дейсiң?! Бұрындары жас босанған әйелдi түн күзететiн болған. Сол түнi ән мен жыр, күмбiрлеген күй түнi бойы бiр толастамаған екен. Ол бiр жағынан, жаңа туған баланы жын-шайтан иекте­ме­сiн деген ойдан шыққан. Өйткенi ән салған адамның жаман ой ойлауға мүмкiндiгi болмайды. Ал әнде үлкен құдiрет бар. Сол дыбыс, әуен, саз жаңа туған нәрестенiң құлағына сiңедi. Тек шiлдехана жасалған күнi болмаса, баланы қырқынан шығарғанша үйге көп адамды топырлатып шақырмаған екен. Ол екi аралықта балаға “бауы берiк болсын” айта келгендердiң өзi келiн мен баланы көруге талпынбаған. Өйт­кенi “келiнге көз тиедi, балаға сұқ өтедi” деген. Қазақ жаңадан туған ботаның өзiн жетiл­генше тасада ұстап, еш­кiмге көрсетпеген ғой. Сол сияқты бiреу қолға алып, жүзiне көз салып қараса, соның өзi жас балаға ауырлық әкеледi деп қауiп­тенген. Бiр жағынан, бұл да дұ­рыс. Өйткенi бiз, өзiмiз де бiзде қандай энергия, қандай биоөрiс­тер бар екенiн бiле бермеймiз. Ал адамдар әртүрлi. Сен балаға жамандық ойл Материалдың толық нұсқасын газет бетінен немесе электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті