1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15891) 4 наурыз, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
4 наурыз 2014
«Қолжетiмдi баспанаға» iнiмнiң қолы жете ме?

Былтырғы жылдың шiлде айында “Қолжетiмдi баспана – 2020” “жас отбасы” бағдарламасы бойынша жас­тар баспана алу үшiн құжат өткiзген едi. Содан берi де жарты жылдан аса мерзiм өттi. Бiрақ сол кезде құжаты қабылданған қатарластарымыздың үйлi болдық деген ақжолтай жаңалығын ести қойған жоқпыз. Мүмкiн, берiлiп те жатқан шығар.

Менiң бiлгiм келетiнi, ендi осындай бағдарлама бо­йынша тағы қай кезде (биыл ма, жоқ 2015 жылы ма?) құжаттар қабылдайды? Менiң кенже iнiм де ел қатарлы баспаналы болғысы келедi. Оның жасы 23-те, бiр баласы бар. 29 жасқа толғанша, Алла нәсiп етсе, әлi де сәбилi болады ғой. Жас отбасылардың жанына бататын баспана мәселесi түпкiлiктi болмаса да мемлекеттiк бағдарлама бойынша бiраз шешiлетiн едi.  
 
Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы.
“Биыл 378 отбасы пәтер алады”
Оқырманымыздың сұрауы бойынша Алматы қаласы тұр­ғын үй және тұрғын үй инс­пекциясы басқармасының басшысы Қайрат Нұрқадiлов­ке хабарласып, шағын сұхбат алған едiк.
– Былтырғы жылы шiл­денiң 10-17-сi аралығында алматылық жас отбасылардың құжатын қабылдадық. Бiр мыңға жуық отбасының құ­жаты өткi­зiлсе, солардың iшiнде былтырғы жылдың соңында 216 жанұя пәтер алды.
– Биыл қанша отбасы пәтерлi болады?
– 2014 жылдың күзiне қарай, мүмкiн, одан да ертерек тағы да 378 пәтер “Қол­жетiмдi баспана – 2020” бағ­дарламасына жас отбасы ретiнде құжатын өткiзген­дерге берiледi. Келесi жылы да 300-ге жуық пәтер салынады.
– Былтыр Алматы қаласы бойынша құжат қабылдау шарасы бiр аптаның iшiнде жүзеге асырылды да, көптеген жастар бейхабар болып, үлгере алмады. Ендi құжатын өт­кiзе алмаған жастар “Қол­жетiмдi баспанаға” қолын жеткiзе ала ма?
– Әрине, жеткiзе алады. Бiрақ бiз былтыр мыңға тарта адамның құжатын қабылдап алдық қой. Солардың бәрiн үймен қамтып бiтпейiн­ше қайта құжат жинамаймыз.
– Демек, өзгелер әлi бiр-екi жыл күтуiне тура келедi ғой.
– Иә, өйткенi мұнда жас отбасылар өздерiнiң ұпайы бойынша тiзiмде тұр. Мысалы үйленген әр жылға – 5 ұпай, тұңғыш балаға – 20 ұпай, үшiншi баладан ары қарай – 30 ұпай берiледi. Егер бiз биыл тағы да құжаттарды қа­былдасақ, 18 жасында шаңырақ көтерiп, 25 жасқа дейiн төрт балалы болған адам құжатын өткiзуi мүмкiн. Ал ендi былтыр құжатын тапсырғандардың арасында екi балалы, бiр баласы бар жастар бар. Осылардың ұпайын салыстырсаң, құжатын кейiн өткiзген адамның кезегi бұрын келуi мүмкiн. Сондықтан да бiз былтыр құжатын өткiзген­дердi үймен қамтамасыз етпейiнше, өзгелердiң өтiнi­шiн қабылдамаймыз. Тек 2015 жылдың соңында, болмаса 2016 жылы тағы да құжат жинауымыз мүмкiн.
– Ел арасында жас отбасыларға арнап салынатын пәтерлерге Алматыда жер жоқ екен, сондықтан мегаполистен шеткерi Талғар, Қаскелең, Қапшағай сынды қалалардан салынады екен деген сөз бар. Бұл шындыққа жанаса ма?
– Жоқ, жанаспайды. Се­бебi “Қолжетiмдi баспана – 2020” бағдарламасы бойынша салынатын үйлерге Алматы аумағынан жер бөлiн­ген. 2020 жылға дейiн салынатын үйлерге жер жетедi.
– Теңгенiң құнсыздануы, нарықтағы девальвация жас отбасылардың алатын үйiнiң бағасын шарықтатып жiбер­мей ме?
– Кесiп ештеңе айта алмаймын. Тендер өткiзiлiп, салынып бiткен үйлердiң шаршы метрiне төленетiн сома бұрынғыдай қалады. Ал ендi жаңадан салынатын пәтер­лердiң бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкiн.
 
Әңгiмелескен 
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті