1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15873-74) 26 желтоқсан, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
26 желтоқсан 2013
Бала ағзасына зиян сусындар

Сiз бiлесiз бе?

Америкалық зерттеушi ғалым Эрик Стайсом тiл үйiрер сүттi коктейльдiң ағзаға зиян екенiн анықтады. Құрамындағы шектен тыс қант пен май сiздiң денсаулығыңызға керi әсерiн тигiзедi. Ғалымдар 100-ге тарта орта мектеп оқушыларына шоколад қосылған сүттi коктейль iшкiзiп, зерттеп көрдi. Нәтижесiнде мамандар мұндай сусындар жүйке жүйесiне наркотикалық заттар секiлдi әсер етедi деген тұжырымға келген. Қант шынында да жүйке жүйесiнiң жылдам қызмет етуi үшiн жiгерлендiрушi күш болады. Бiртiндеп сүттi коктейльдiң мөлшерi арта түскен сайын семiздiктiң қауiптi түрiне алып барады.
Көптеген балалар, тiптi, ата-аналардың өзi де шөлiн газдалған сусынмен қандырғанды дұрыс көредi. Бiрақ та балалардың ағзасына зиянды сусындардың бiрi – осы. Газдалған сусынның құрамында қанттың шектен тыс мөлшерi, және хи­мия­лық заттар (бояғыш заттар, консерванттар, т.б.) мол кезде­седi. Дәрiгерлер ылғи да ере­сектердiң өзiн газдалған тәттi сусындардан аулақ болуға шақырып жүредi. Егер бiр тәуелдi болып алсаңыз, тез айығып кету қиынға соғады.
Шырынның балалар денсаулығына зиянынан гөрi түрлi дәрумендер, пайдалы заттарының мол екенiн мойындауға тиiспiз. Бiрақ кез келген шырын асқазанға ауыр тиетiнi белгiлi. Шырындағы көп қышқыл мен көмiрсудың мол мөлшерi, минералды тұздың жоғарғы концентрациясы жасқа толмаған баланың iшуiне тiптен зиян екенiн   айғақтайды.
Шырынның құрамында кө­мiр­сулар өте мол. Бұл – асқазан-iшек ауруына жағдай туындатады. Артынша iшек шырышының қабынуына әкелiп соғады. Бала ағзасының мүлде басқа агрессиялық өнiмдердi қабылдамауы үшiн тез арада алдын алу қажет. Ұйқы безiнiң де зақымдану қаупi жоғары.
Кофенiң балаға қауiптiлiгi – жүйке жүйесiнiң қалыпты да­муын бұзады. Сол себептi жас баланың мiнез-құлқы тез өзге­рiп, эмоцияға берiлгiш болып кетедi. Бала көңiлдi немесе жылауық, ашушаң не керiсiнше енжар, сылбыр болып өсуi мүмкiн. Егер кофеин жиi қолданылып тұрса баланың жаман жаққа өзгерiп кетерi анық. Ал бала тәуелдi болып алса, өмiр­ге деген құлшынысы төмендеп, көп энергиясын босқа шығындап алады. Жүрек ауруына да әсер етедi.
Шай – бойыңыздағы ағзаға қажеттi калий, натрий және кальций секiлдi дәрумендердiң қас жауы. Егер сiз шайды көп iшсеңiз, аталған дәрумендер несеп жолы арқылы сыртқа шығып кетедi. Бұл үлкендер үшiн де, жас балалар үшiн де сүйек­тiң зақымдануына әкелiп соғады. Бұл ауру остеопороз деп аталады.
 
Дайындаған Нұржiгiт Айдархан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті