1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15860) 12 қараша, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
12 қараша 2013
Отбасы ақпарат

АЖЫРАСУДЫ АР САНАЙТЫН АЙМАҚТАР

Әдiлет министр­лi­гiнiң соңғы ақпараттарына сенсек, елiмiздегi отбасылардың ажырасу көрсеткiштерi дағдарыс жылдарында күр көбейiптi. Мәселен, 2012 жылы 47 мың ерлi-зайыптылар ажырасуға арыз берген. Сондай-ақ, арызданушы жұптардың басым бөлiгi 10-15 жыл отасқандар және бақ­уат тұратындар екен. Қырықтың қырқасынан асқанда отбасының шыр­қын бұзып, “жаңа өмiр бастауға бет бұратындардың” саны Алматыда ең жоғары көрсет­кiшке ие. Есеп дерек­терi бойынша алматылық әрбiр үш отбасының бiреуi ажырасуға өтiнiш бiлдiретiн көрiне­дi. Бiр қуанарлығы, елi­мiз бойынша ажырасу жөнiндегi ең төменгi көрсеткiш Оңтүстiк пен Жамбыл облысында сақталған. Бұған дейiнгi зерттеулерде де осы екi облыстағы шаңырағы шайқалғандар саны төменгi сатыда болатын. Ажырасудың екi аймақтағы көрсеткi­шiн салыстырған мамандар оңтүстiк өлкенiң менталитетi мен қыз баласына берiлетiн тәлiм-тәрбиенiң негiзi отбасын сақтауға үлкен үлес қосатынын айтады. 
 
ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕМДЕГI ЕҢ КЕДЕЙ МЕМЛЕКЕТ
Өскемендiк қоғамдық кеңес өкiлдерi Қазақстан – әлемдегi ең кедей мемлекет деген қорытындыға келдi. Мұндай мәлiмдеменi олар әлемдегi мемлекеттердiң тұтыну кәрзеңкесiндегi тауарларды салыстыру арқылы жасаған. Бiздегi тұтыну кәрзеңкесiндегi тауарлардың жалпы бағасы 11 196 теңгенi құрайды. 250 азық-түлiктi тұтыну кәрзеңкесi бар француздар мен 330-дан 475 тауар түрлерi бар АҚШ, Англия, Германия елдерiмен бiздегi жағдайды салыстырған   кеңес өкiлдерi Қазақстанды Африканың ең кедей Чад республикасымен деңгейлес деп көрсетедi.
 
ШЕНЕУНIКТЕР 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЗЕФИР МЕН ХАЛВА САТЫП АЛМАҚ
Мемлекеттiк сатып алулар веб-порталында қызық ақпарат жарияланды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталының www.goszakup.gov.kz 2013 жылғы қараша айындағы деректерi бойынша, «мемлекеттiк органдардың тәттi тағамдарды (шоколад, зефир, карамель, шығыс тәттiлерi және т.б.), сондай-ақ шайды сатып алуға мемлекеттiк сатып алудың сомасы 954 млн теңгенi құрайды», – деп хабарлады www.goszakup.gov.kz. порталы. «Тәттi тағамдар (шоколад өнiмдерi, халва, карамель, ирис, зефир) 634 миллион, шай сатып алуға қарашада 320 миллион теңге қарастырылған», – делiнген хабарламада.
Беттi дайындаған Меруерт ХУСАИНОВА.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті