1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15846) 24 қыркүйек, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
24 қыркүйек 2013
Оймақтай ой

Балам, көзiң мен тiлiңе абай бол. Ол екеуi бұзылса, сенiмiң бұзылады. Сенiмiң бұзылса, болашағың нұрлы болмайды.

***
Балам, көп күлме, көп тыңда. Сөйтсең жақсы сөз жүрегiңе қонады. Жақсы сөзге мән берсең, ол сенi жақсылыққа бастайды.
 
***
Балам, ақыл бiреуде, қайрат көпте болады. Сондықтан көп ақыл таппайды. Көп бiреу тапқан ақылды қорытады. Халық – сүт, көсем – ұйытқы. Ұйытқы дұрыс болса, сүт бауырдай болып ұйиды. Дұрыс болмаса, iркiттей болып iридi. Соны бiлiп ал.
 
***
Қалам – ұлық болған Аллаһ тағаланың он сегiз мың ғаламды жаратудан бұрын, ең алғашқы жаратқан керемет­те­рiнiң бiрi екен. Сондықтан оны таза тұт.
 
 
***
Балам, бүгiн iстейтiн iсiңдi бүгiн iстеп бiтiр. Ертеңге әсте қалдырушы болма. “Ертең деген жоқ” деген бiр бiлгiр. Жаны бар сөз. Менiң өмiрiмдегi қателiгiм де, жеңiлiсiм де осы болды.
***
Балам, әуелi өзiңде бардың қадiрiне жет. Ненi бағаламасаң, қадiрiне жете алмасаң, соның жоқшылығын, азабын тартасың.
 
***
Балам, әрқашан да өзiңдi өзгелерден биiк қойма. Өзiңдi өзгелерден биiк қойған жерден бiлiмсiздiгiң, надандығың басталады. Әрқашан бұл мәселеге сергек қара.
 
***
Балам, игi iстердi барлық адам жабыла, жұмыла iстеген жақсы болады. Сонда ол көбейедi. Берекеттенедi. Мәселен, тыйылуға тиiстi бiр ғана жаман iстен барлық адам тыйылса, ол жамандық атымен жойылады.
 
***
Түлкi алмайтын қыран болмайды. Ол – оның Алла тағала берген қанғасiңдi қасиетi. Егер одан түлкi алмайтыны шықса ол – қыранның емес, құсбегiнiң қырсыздығы. Сондықтан ұстазыңа құлақ ас, балам.
 
***
Аласаның айыбы – биiктi бiлмеу. Биiктен де биiксiну. Оның өзiне тән керi бағыты да сонда. Бiрақ сен биiктi бiл.
 
Құл-Керiм ЕЛЕМЕС.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті