1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15846) 24 қыркүйек, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
24 қыркүйек 2013
Тез қартайтатын ұйқы түрлерi

Шаршаған адамның күй талғамай ұйқыға қисаятыны рас. Алайда дұрыс ұйықтай бiлу сiздiң денсаулығыңызға ғана емес, қартаю процесiне де әсерiн тигiзетiнiн бiлесiз бе? Төмендегi ұйықтаудың сан түрiнен сақтана бiлсеңiз, жаныңыз да, тәнiңiз де тез қартаюдан алыс болады екен.

Қыз-келiншектердiң бет бояуын сүртпей ұйықтауы бетке әжiм түсiретiнiн бала да бiлсе керек. Әшекей бұйымдарымен төсекке жатқандар таңертең сергек тұрмайтын көрiнедi. Мас болып немесе жатар алдында ренжудiң ұйқыңызға қаншалықты зиян екенi айтпаса да түсiнiктi. Сондай-ақ тамаққа тойып алып ұйықтау да, теледидар көрiп жатып ұйықтау да сiздiң ертерек қартаюыңыз­ға жол ашатынын ұмытпаңыз. Шай iшiп алып, жастықты биiк етiп салып ұйықтар болсаңыз, мойныңыздың әжiмiн тереңдетiп, бетiңiздiң нәрiн жоғалтасыз. Қолды жастанып ұйықтайтындар мен ауыздарын ашып ұйықтайтындар толық тынығып, ұйқысы қанып оянбайды екен. “Ұйқысын жиып” немесе ұйқысын бөлiп ұйықтайтындар жүрек сырқатына жиi шалдығып қана қоймай, жүйке жүйелерi ерте сыр беретiндердiң қатарын толықтырады. Ең бастысы, қарбалас тiрлiктен бiр сәт дамылдап, қамсыз ұйықтап алуды ешқашан шетке ысырмаңыз. Ағзаңызға берiлетiн бұл демалыс арқылы өзiңiз де күш-қуат алатыныңызды ұмытпауыңыз керек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті