1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15833) 14 тамыз, сәрсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
14 тамыз 2013
Отбасы ақпарат

НЕКЕ АГЕНТIНДЕ МҰСЫЛМАН ҚЫЗДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Атыраудағы неке агент­тiгiнде қалыңдық iздеген жiгiттердiң иманды қыздарға деген сұранысы өте жоғары екен. Агенттiктiң өзгелерден ерекшелiгi: тек шариғат шарттарымен санасатын жандарға қызмет көр­сетедi. Мұнда ер адам үшiн қызмет құны – 4 мың теңге. Жiгiттердiң көп­шiлiгiнiң талабы ортақ, «18 бен 25 жас аралығындағы дiнiне берiк ару болса», –дейдi. Әсiресе, мұсылман бойжеткендерге сұраныс жоғары. Агенттiк ашылғалы 2 жыл iшiнде болашақ жарын iздеген 37 азамат пен 10 әйел ресми түрде тiр­келiптi. Мамандардың айтуынша, нәзiк жандыларды көбiне ұяңдық жiбермейдi, әрi шариғат бойынша қыз баланың өзiне тiкелей күйеу iз­деуге тыйым салынған. Онымен қамқоршы ағасы немесе әкесi айналысуы шарт.
Агенттiкке қоңырау шалатындар көп. Айтуларынша, басым бөлiгi қызығушылық танытып, хабарласады. Сондай-ақ, екiншi, үшiншi әйел iздеп тiркелетiндер де бар. Бұл жағдай тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады екен.
Әзiрге агенттiктiң жұ­мысы тоқтап тұр. «Танысуға дайын аруларды iздестiрiп алмайынша, азаматтарды босқа үмiт­тендiргiмiз келмей­дi»,– дейдi ондағылар.
 
Жағдайы қиын отбасылар көбейдi
Тоғыз баласы өскен сайын әлеуметтiк таршылық көрген отбасы билiктен көмек күтедi. Отағасының тұрақты жұмысы да, тiркеуi де жоқ. Себебi 8 жылдан берi әлi азаматтығын ала аламай жүр. Үкiмет зират қасынан 4 сотық  жер бөлiп берген. Алайда кейiннен басқа жер бөлiп беремiз деп, хабарсыз кеткен. Билiктен бар үмiтiн үзген Арслановтар, ендi бар көмектi халықтан күтуде.
Не жұмысы, не жеке баспанасы жоқ отбасы бiрнеше жылдан берi осындай ит тiрлiкпен күнелтiп жүр. Аядай ғана тар бөлмеде 11 адам әрең сыйысады.  Әбден тарыққан жандарға  ешкiм қол ұшын берер емес. Ал өз күшiмен үй салуға жағдайлары жоқ.Сондықтан қайырымды жандардан көмек сұрайды. Көпбалалы отбасылардың осылай қиын жағдайға түскендерi күн санап артуда. Осыдан кейiн бала санын көбейтуге кiм құлшынады?
 
Беттi дайындаған Меруерт Хусаинова
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті