1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15833) 14 тамыз, сәрсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
14 тамыз 2013
Тiсiңiздi құртатын әдеттерден арылыңыз

“Ауру қалса да әдет қалмайды”. Бұған келiспеске шара жоқ. Ол – бiздiң ойлауымыздан тыс жасалатын әрекет. Десек те, оның зияны болса, бұл топтағы адамдар науқастар қатарына қосылатынын айта кетейiк. Мәселен, тiсiңiзге төмендегi алты әдет керi әсер ететiнiн бiлесiз бе?

Темекi шегу.Бұл әдеттен тек тiс қана зардап шек­пейдi. Тiс пен оның жиек­терiн барынша әлсiз етiп, кейiн тiптi тiстiң шiрiп түсiп қалуы да мүмкiн екенiн Денсаулық сақтау министрлiгi айтып-айтып шаршаған. Ендi толығырақ... Темекi құрамындағы никотин тiстiң кiреукесiне (эмаль) жабысады да, тiсжегiсiнiң шығуына әсер етедi.   
 
Тiс шұқығышты пайда­лану. Негiзiнен тiсiңiздiң арасын тазалау дұрыс деп есептеледi, бiрақ қаншалықты дұрыс тазалай аламыз? Ағаштан жасалған үшкiр тiс шұқығыш қызыл иегiңiздi қанатып жiберуi мүмкiн. Оның басына жинал­ған микробтарды қанаған жерге тигiзген соң қызыл ет асқынып, iсiнiп кетедi. Бұ­дан гөрi жiппен тазалау барынша қауiпсiз болмақ.
      
Қатты тiс тазалағыш (щетка). Көптеген адам тiс тазалағышты сатып аларда оның барынша қатты болуын қалайды. Бiрақ бұл қателiк. Тiс жиектерiн қанату тiстiң сарғайып, әлсiз бола тү­суiне ықпал жасайды. Қатты тiс тазалағыш майыспайды. Сондықтан ауыз қуысының кейбiр бөлiгiне тимейдi.
      
Пiсте (шемiшке) шағу. Бәрiмiз де бұл әдеттiң неге апарып соғатынын бiлемiз. Пiсте тiстiң кiреукесiн кетiредi. Бұдан кейiн суық немесе ыстық сусын iш­кенде дәрiгердiң алдына қалай топ ете қалғаныңызды бiлмей қаласыз.           
 
“Қатты заттарды тiспен-ақ жұлып аламын!”. Қайшыны iздеп табуға ерiнетiндер көбiнесе киiм заттаңбасын, тiгiн жiбiн тiспен үзе салады. Қалам мен қарандашты кемiру әдетi бәрiмiзде де болған шығар. Мұның ке­сiрiнен бiз сол заттардың түрлi зиянкес микробтарын ауызға жинаймыз. Бұл, әсi­ресе, балаңызға әсер етедi. Олар да сiздiң зиянды әде­т­iңiздi тап солай қайталауы мүмкiн.       
Тiс қайрау. Бұл әдеттi медицинада – бруксизм деп атайды. Жүйкесi тозғандар бар өшiн тiсiнен алардай қышырлататыны бар. Бұл әдет жақ сүйектерiне күш түсiрiп, тiстердiң қисайып өсуiне алып келедi. Мұнан кейiн бет пiшiнiнiң өзгерiп, жақ буындарының басқа қалыпқа ойысуы әбден мүмкiн. 
 
Дайындаған Ардақ ҚҰЛТАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті