1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
4 сәуір 2017
Қаза тапқандар тасқынның құрбандары емес пе?

Қарағанды жұртына биылғы көктем тағы да оңай тимеуде. Соңғы үш-төрт күннің ішінде бір ғана Қарқаралы ауданында үш адам селден қаза тауып, ағайынды екеудің өлі-тірі екені белгісіз болып тұр. 3 сәуір күні арнайы баспасөз мәслихатын өткізген жергілікті билік өкілдері «қайғылы оқиғаға кім кінәлі?» деген сұраққа нақты жауап айта алмады. Бірақ «қаза тапқандарды тасқынның құрбандары деп айтуға болмайды»

30 наурыз 2017
ЖОЛАҚЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА КӨКТЕМ КІНӘЛІ МЕ?

Семей көшелерінде қыс бойы жауған қардың уақтылы және дұрыс тазаланбауының ақыры қала тұрғындарының қалтасына салмақ салды. Қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік қожайындары үшін бағыттағы жолдардың көктем шығысымен көлшікке толып, автобустар мен «Газельдердің» қатынауына кедергі келтіргені «іздегенге – сұрағанның» нақ өзі

30 наурыз 2017

Елiмiздiң картасында жалпағынан орналасқан Жамбыл облысындағы он ауданның әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар. Әйтсе де ертегiдегi Ерназар байдың «Тоғыз ұлым бiр төбе, Ер Төстiгiм бiр төбе» дегенi сияқты, өзге тоғыз аудан бір бөлек те, Қордайдың жөні бір бөлек. Жеңіл көлікпен жақсылап жүріп берсеңіз – сүтпісірім уақытта қырғыздардың астанасы Бішкекке, етпісірім уақытта күншығысқа қарай

30 наурыз 2017
Текелі тазарғысы келеді

Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан 40 шақырым жердегі Текелі қаласының көркіне бір қарағанда көз тоймайды. Алатаудың етегіндегі шағын қаланың тұрғындары әлемдегі ең таза ауаны жұтып, ең таза суды ішіп жүргендей көрінеді. Бірақ қала тұрғындарының пікірі басқа. Текелі қаласының тұрғыны Елена Лаврованың айтуынша, лүп еткен жел көтерілсе болды – қала астындағы қоймалардан ұшқан шаң адамдардың басын ауыртып, мұрындарынан қан кетіреді. Қала белсендісі Мира Бочарникова қалдық қоймаларда қорғасын, марганец

19 наурыз 2017

Түркі әлемінің мәдени астанасында қарашаға дейін созылатын қырық іс-шарадан не ұтамыз? Ер түріктің бесігі – Түркістанның төрі қарашаға дейін қонақтардан босамайын деп тұр. Былтыр ол Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы деген мәртебені иеленгені белгілі. Ұлы істің Ұлыстың ұлы күнінен бастап осы жоба аясында күллі түркі елдерінің мәдениет өкілдерінің қатысуымен қасиетті қалада көптеген іс-шара өтіп, ол қара күзге дейін жалғасады.
ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы Түркі мәдениетінің астанасын таңдау жобасын 2012 жылы бастаған. Түркі жұртының алғашқы мәдени астанасына Түркияның Ескішаһар, Татарстанның Қазан, Түрікменстанның Мары және Әзірбайжанның Шеки

19 наурыз 2017
Ұлыстың ұлы күні шынайы тойланса

Соңғы кездерде Наурыз биліктің нұсқауымен өтетін, амалсыздан тойланатын мейрамдардың қатарына қосылып бара жатқан тәрізді. Себебі Қазақстанның көп жерінде Наурыз мейрамын өткізу тек алаңға киіз үйлер тігіп, дастархан жайып, ет жеп, аяқ босатып, наурызкөже ішумен ғана аяқталады.
Наурыз мерекесі күнгі бұл көріністерді барлықтарыңыз көріп жүрсіздер ғой. Сыртта жергілікті өнерпаздар концерт қойып жатады. Мерекеге келген жұрттың бірен-сараны ұлттық киім ғой деп

19 наурыз 2017

Балтатарақ – Семейден 24 шақырым жерде орналасқан, Қарауылға шығатын трасса бойындағы алақандай ауыл. Бірақ қазір қараңдаған үйлерінің төбесі ғана көрінбесе, бұл жерде қыбырлаған тіршілік бар деп ойлай қоймайсыз. Бұл елді мекен Озерка ауылдық округіне қарайды. Биыл қар шамадан тыс қалың түскендіктен, Балтатарақтың жағдайы қазір өте күрделі. Осындағы

19 наурыз 2017

Негізі, біздің жақтың қысы да онша қаһарлы емес қой. Биыл тіпті мінез көрсетпестен момақан ғана мезіретін жасады. Бірақ көктемнің аты – көктем. «Өлмеген құлға, дариға-ай...» дейтін базардан қайтқан кәрі көкіректің күрсінісі дейсіз бе, жылт еткеннің бәрі таңсық жастықтың желігі дейсіз бе, әйтеуір, бәрін ұйқысынан оятқан сезімге жерік мезгіл ғой бұл... Біздің далаға көктем келгенін мен бүгін тынымсыз шаһарды екі құрлыққа бөліп жатқан асау Жайықтың үстіне салынған алып көпірге асыла қарап тұрып

16 наурыз 2017
Семейдегі Ленин қашан құлайды?

Биыл – Алаштың ғасырлық тойы. Ал қарт Ертістің жағасындағы Семей Алаштың астанасы болғанын көзіқарақты жұрт біледі. Алаш туы желбіреп, ұлт рухы асқақтаған, жаңа тұрпатты мемлекеттілік қалыптастырудың қайнаған ортасы болған қала қызыл өкіметтің қалдығынан арыла алмай отыр. Соның дәлеліндей Семейдің орталық көшесі күні бүгінге дейін Лениннің атында тұр. Тәуелсіздікке ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, басқа-басқа, Семейде «Совет өкіметінің құламай тұрғаны»

16 наурыз 2017
Ақтөбедегі «Нұрдәулеттен» нұр тайғандай

Ақтөбеге ажар берген «Нұрдәулет» мешіті мен «Дәстүр» үйін тұрғызып, сауда-бизнес орталығын көркейткен Мақсат Байжарқыновтың ұлдарына қала билігі тағы да қырын қарай бастағандай. Былтыр Ақтөбе қалалық сәулет-құрылыс бөлімі әуелі «Нұрдәулет» кешені аумағындағы шағын саябақты мекендейтін жануарлар «жан-жаққа жағымсыз иіс таратып, қаланың ауасын бұзып жатқандықтан», олардың көзін жоюды жақсылап өтінді.
«Нұрдәулеттің» ойын алаңына бір жағы тірі қоянды азықтандыруға, қырғауылды қызықтауға келетін балалар аңырап қалды. Себебі Ақтөбенің қақ ортасында балаларға осы

14 наурыз 2017
Қыдыр ата Павлодарға күн жылынғанда келсе...

Жасыратыны жоқ, жыл басы – Наурыз мейрамы неге орыстың жаңа жылы сияқты дүбірлеп өтпейді, Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау неге әлі де төмен деген әңгіме үнемі айтылып келеді. 1 қаңтардың дүбірі бір-бір жарым ай бұрын басталып кететінін де көз көріп жүр. Соңғы жылдары Жаңа жылға жақын жатқан Тәуелсіздік мерекесі ғана бұл дайындықтың «тәк-тәк» деп тізгінін тартып, мылтық кезенгендей мазасын қашырып тұр. Әйтпесе, Құдай біледі, қараша түскеннен көргеніміз Ақша қар бен Аяз ата болатыны анық еді. Наурызды ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар облыстарда бұл мереке он шақты күн бұрын басталып, оның әр күні мән-мағынасымен, сән-салтанатымен

10 наурыз 2017
Алаш астанасында Ленин «тірі» тұр...

Өткен жылы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін алғашында бөркімізді аспанға атып сүйіншілегенімізбен, соңынан сиырқұйымшақтанып, ақыр соңында туған жері Ақтоғайдың айналасында «айды аспанға шығарғаннан» арыға бармағанымыз рас. Биыл Қарағанды облысының Октябрь ауданын (туған жерін) Әлихан атына ауыстырудың өзі «облыс әкімін сотқа тартам»

7 наурыз 2017
Қарағандыда қоғамдық көлік қағынып тұр

Автобусқа мініп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан он алты жастағы Ақжолдың денсаулығы баяу болса да жақсарып келеді. Ақжолдың анасы Сәлима Смағұлова Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктердегі кондукторларға шексіз қатыгездік қайдан келгенін мүлдем түсіне алмайды. Ол баласын енді қайтып автобусқа отырғызудан қорқып жүр. Кісі өліміне себеп болуы мүмкін оқиғаны

7 наурыз 2017

Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбеге келіп, хром саудасын түгендеп кетеді. Жиырма үш жылдан бері хром достығы байланыстырған «Қазхром ТҰК» АҚ президенті Владимир Вольдемаровичпен оңаша кездесіп, облыс әкімиятымен меморандум жасасқанын ұзынқұлақтан естігені болмаса

7 наурыз 2017
Жамбылда оңайлықпен әкім табылмайды

Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкірекбаев көктемгі жұмысын бірнеше кадрлық ауыс-түйiстен бастады. Көкірекбаевтың қалауымен бір айдан астам бос тұрған Байзақ ауданы әкімінің қызметіне облыс әкімі аппаратының басшысы Рахматілдә Рахманбердиев тағайындалды. Ал әкім аппаратының басшылығына Тараз қаласын басқарған Нұржан Календаров келді. Тараз қаласына енді Шу ауданының бұрынғы әкімі Рүстем Дәулет «қожайындық» жасайды. Ал Шудың қай басшыға бұйырары

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»