1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Сырдың суы әкімдерге «сынақ» болғалы тұр

Жыл сайын қыс-көктем мезгілдерінде қызылордалықтар үреймен дария жаққа көз тастайды. Өйткені толқыны тасыған Сырдарияның бірде бүйе, бірде түйе мінезі елді неше жылдан бері әбігерге салып келеді. Биыл да бұл мәселе алаңдатып тұр. Өйткені биылғы мол судың қаупі өзгеше.
– Бұл күнде ресми мәліметке сүйенсек, жағдайдың күрделі болатын түрі бар. Президент әкімшілігі, қауіпсіздік кеңесі де бақылауға алды. Қырғызстандағы Тоқтағұл суқоймасы толып, 19,4 миллиард текше метр су жиналып тұр. Тәжікстан суқоймасы да өз шекті мөлшеріне келген. Қар суы мен жауын-шашын суы көп болса, Шардараға секундына 3,5-4 мың текше метр су түседі деп болжанып отыр, – дейді бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Көршінің суқоймасы ернеуіне келсе, біздегі арналар да бос қалмайтыны анық. Қазір Сырдария арнасына секундына 1100 текше метр су түсуде. Біздің арналар 3000 текше метрге дейін төтеп беруі мүмкін. Сондықтан тыңғылықты дайындық басты назарда болуы шарт. «Бұл мәселеде босаңсуға болмайды. Ешбір мемлекеттік қызметкерге жексенбі, мерекелік демалыс деген болмайды. Аудан әкімдері, іссапарға кетер болсаңыздар, орындарыңызда жауапты адамдар бекітіңіздер. Бейжай қарап, міндетін атқара алмайтындар қызметтерімен қош айтысады», – деді Қырымбек Көшербаев.
Айтпақшы, мол судан елді есен-аман сақтап, дария суын бақылауда ұстап, шараларды қолға алу үшін арнайы жол картасы да әзірленген. Қазіргі таңда Сырдария ауданына 46,9 миллион теңге қаралса, Қазалы ауданына 46 миллион теңге бөлінді. Миллиондаған теңгелер қап ішіне толтырылатын құм-топыраққа, қорғаныс бөгеттеріне жұмсалып, жұртшылықты тасқын судан қорғайды деген жоспар бар.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Жұмабай | 6 қараша 2017 00:05
Осы Мойынқұм мен Қызылқұм,с осын батпақдала( Бетпақдала ) деген жерлерде су жоқ, артық болса сол құм басқан дала,с у жоқ жерлерге неге жібермейміз.. ?..Неге жібермейді?..
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті