1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
«Зың әкім» өсті ме, өшті ме?

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласына әкім болып келген жылы жұртшылықты өзінің әйдік жобаларымен таныстырып, «егер осы жобаларды жүзеге асыра алмасам, онда бес жылдан кейін командаммен отставкіге кетемін» дегені есте қалыпты. Әкім дегеніңіз де пенде ғой. Осы уақытқа дейін Шымкентке табан аудармастан бес жыл бойы әкім болу ешкімнің еншісіне бұйырмаған еді. «Бәлкім, Әбдірахымовқа бұйыратын шығар» дегенбіз. Алайда Ғабидолла Рахматоллаұлының әкімдік дәуірі бұл мерзімнің жартысына да жеткен жоқ. Ал «Лас-Вегастан да әдемі болуы тиіс» қаланың әкімі халыққа берген уәдесінің тым құрыса жартысын орындай алды ма?» деген сауалға жауап табу дәл қазір қиындау болып тұр.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімі ауысқан соң, ұзамай өңір халқының үштен бірі тұратын Шымкент әкімінің креслосын жаңарту жазылмаған заңдылыққа айналған. Қызметіне Атамқұловтың кезінде тағайындалған Әбдірахымов одан кейін облыс басшысы Жансейіт Түймебаевпен бір жылдан астам уақыт бойы шәй деспей тірлік істеді. Осының өзін де Әбдірахымовтың мықтылығы деп мойындау қажет шығар.
Рас, осыдан бір жылдай уақыт бұрын жеңіл ауыздар Әбдірахымовты қызметінен «кетіріп», жуық арада көршілес бір облыстың әкімі болады деген әңгіме таратқан. «Әрбір сөзі «хитке» айналып жүрген» әкімнің ендігі карьерасы облыс әкімі немесе министр болумен өрілуі тиіс сияқты көрінетін. Алайда экс-әкімге «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы қызметі бұйырды. Осыдан бір-екі апта бұрын ғана қарамағындағы шенеуніктерді қызметтік көліктен түсіріп, автобуспен жүруді тапсырған өте бастамашыл, тың технологияларды тәуір көретін әкім «Шымкенттен шаршадым, мені басқа қызметке ауыстырыңдар» дегендей кейіпте емес еді. Осыған қарағанда, ауыс-түйіс табан астында болған. Әбдірахымовтың орнына жаңа кадрдың бірден тағайындалмауы да бұл ойымызды қуаттай түсетін сияқты. «Зың әкім» кімдерге ұнамады екен?
Бізге жеткен соңғы мәліметтерге қарағанда, Ғабидолла Әбдірахымов кешегі күні Шымкентке қайта келіп, бұрынғы қызметтестерімен жылы-жылы қоштасып, түс ауа Шымкенттегі өткен іс-шараға қатысқан. «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы ретінде.
Айтқандай, билік партиясындағы жауапты хатшы қызметін бұған дейін атқарған Зауытбек Тұрысбеков Әбдірахымов үшін бөтен адам емес. Бір кездері Тұрысбеков Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде төраға болған жылдары Әбдірахымов оның орынбасары лауазымын атқарған (қайбір жылдары ақпарат құралдарында Әбдірахымовтың Тұрысбековтің ұлы Асқар Тұрысбековтің туған бажасы екендігі де айтылған). Экс-әкім Германияда «Болашақ» бағдарламасымен мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алған. Яғни Әбдірахымовтың шетелде алған білімі қазіргі қызметіне сұранып тұрған сияқты. Дегенмен «жауапты хатшылық Әбдірахымовтың тақиясына тар келеді» деушілер де бар.
Әбдірахымовтың тұсында Шымкентте жолдар жөнделіп, көлік кептелісін азайту үшін түрлі жобалар қолға алынды. Қаланың көркіне көрік қосылып, жаңа демалыс орындары пайда болды. Биыл Шымкенттің халқы ресми түрде миллионға жетеді деген сөз жыл басында айтылып еді. Жылдың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды. Үшінші мегаполистің келіншектері жоспарды орындай алмады ма, әйтеуір, миллионның мәресіне жетіп, мәре-сәре болатын осы бір айтулы жаңалықтың басы-қасында Әбдірахымовтың әкім ретінде жүрмегені өкінішті-ақ.
Ал Шымкент қаласына кімнің әкім болатыны туралы сыбыс көп болғанымен, газет беттері қатталып біткенше ресми ақпарат шыққан жоқ. Кейбіреулер бұл қызметке Алматы қалалық әкімдігінде жауапты қызмет атқарып жүрген жамбылдық бір азаматты әкеліп «отырғызып» та қойды.
 

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
ереке | 6 қараша 2017 05:49
жарайсын зын аким
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті