1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Қырық қытайды асыға күтіп жүр

Жақында президент Н.Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтетіні белгілі. Міне, осы телекөпірде Астана жақтан Жамбыл облысына «Алтыналмас» инвестициялық жобасын тікелей, «Бурное солар 2»-ні бейнеролик түрінде көрсетуді бекітіп беріпті. Дегенмен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Мойынқұм ауданындағы гранит өндіретін «Оргстройды» қосымша көрсетуге қатты құштар болып отыр. Тіпті осы мақсатта 7-8 қараша күндері Астанаға жұмыс сапарымен барып, аталған жобаны қосымша қостыру үшін тиісті орындарға кіріп шығуды жоспарлапты.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова жыл соңына дейін жоспардағы 13 инвестициялық жоба негізінде жаңа 1448 жұмыс орнын ашу жоспарланғанын айтқанымен, әзірге алты жоба жүзеге асып, бар болғаны 398 адам ғана жұмысқа орналасқан.
Биыл екінші жартыжылдыққа жоспарланған жеті жобаның төртеуінің іске асыру мерзімдерін ауыстыру ұсынылып отыр екен. Себебі «Кіsс» ЖШС құйылу цехын жаңғырту жобасы мен «Тараз арматура зауыты» ЖШС-на қажетті қондырғыны орнатып, іске қосу үшін 40 қытай маманы қажет екен. Ал шетелдік маман тарту үшін қазір 1-санатқа – 349 426 теңге, 2-санатқа – 403 882 теңге, 3-санатқа – 458 338 теңге, 4-санат үшін 510 525 теңге төленеді. Сонда Қытайдан әлгі 40 маманды шақырту үшін қосымша 18 миллион теңгедей қаражат қажет. «Жобаның іске асуын тежеп отырған осы мәселе», – деп түсіндірді басқарма басшысы. Жамбылдағы инвестициялық жобалардың іске асуы 40 қытайға қарап тұрғанына қалайша қынжылмайсыз?
Бұдан бөлек, Шу ауданындағы мия тамырын өңдейтін «Kazmiya» шағын зауыты жоспарланған қуатта жұмыс істей алмауда. Жалпы қуаттылығы 300 тонна болатын 900 миллион теңгелік жобаға биыл 75 тонна өнім өндіру межеленген. Алайда зауыт оның тек 40 пайызын ғана орындап отыр.
Талас ауданындағы «Жамбыл Недр» ЖШС цемент зауытының құрылысы» жобасының жылдық қуаттылығы да – 300 мың тонна. Кәсіпорын биыл 75 мың тонна цемент өндіруді жоспарлағанымен, әзірге тек 100 тонна суға, отқа төзімді клинкер кірпішін шығарған.
«Қазфосфат» ЖШС да, ЖЖФЗ-«А-8-1 №3 ауаны жіктейтін қондырғыны қайта жаңғырту» жобасы өнім өндірмей, тек өндіріске қажетті ауа қоспасын дайындайтындықтан, қуаттылықты игеру көзделмеген. Жоспардағы қуаттылық деңгейіне жете алмаған кәсіпорындар қатарында Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал тағамдары», тараздық «Бағыл» ЖШС-лары да бар. Осылайша іске қосылған кәсіпорындардың орташа жоспарлы қуаттылықты игеруі тек 77,1 пайызға жеткен. Тіпті олардың арасында құрал-жабдықтарын түгелімен сатып жіберіп, жұмысын тоқтатқандары да бар болып шықты.
Сонымен қатар құжаттарын дұрыс ресімдемеуін, құрылысты жүргізуге мердігердің кеш анықталғанын себеп қылған тағы екі жоба келесі жылға ауысып отыр.
Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасына Тараз қаласынан – 11, Қордай, Жамбыл аудандарынан – 4, Мойынқұм, Талас аудандарынан үш жобадан ұсынылған. Ал Меркі, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарынан екі жобадан ұсынылған болса, Сарысудан небәрі бір ғана жоба ұсынылған. Жуалы ауданында жоба мүлдем жоқ.
Бұл ретте Сарысудың әкімі Балабек Нарбаев пен Жуалының әкімі Бақтияр Көпбосыновтардың осы қызметтерінде отырғандарына аз уақыт болған жоқ. Дегенмен Балабектің бір ғана, Бақтиярдың мүлде жоба дайындамағанына қарап бұл әкімдер айға қарап, жұлдыз санап жүр ме деген ойға қалатыныңыз анық. «Қызым, саған айтамын, келінім, сен де тыңда» демекші, бұл сөз Меркі, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының әкімдеріне де қатысты.
 

Нұрболат ӘЛДИБЕК

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Белгісіз | 2 қараша 2017 23:36
Heгізі Жамбыл облысы атына май құйсаңда адам болмайтын артта қалған өңір. Ал Көкірекбаев мырза өз пенсиясын күтіп жүрген адам, өңірді дамытуда ешқандай үлес қосып жүрген жоқ. Саны бар сапасы жоқ мəжілістер, бос əңгіме мен бос уəде міне оның атқарып жатқан жұмысы. Коммандасына, əкімдік департаменттеріне өз тамыр-таныс, туысқандарын алып алған.
сержан | 7 қараша 2017 18:04
Жамбыл,Шымкент облыстары бұрыннан елге масыл,ештеме өндірмейтін,қулық,сұмдық алып сатар сауда дамыған өңір! Батыста жең ұшынан жалғану,ақша құмарлықтан жиіркенше ол жақта осы жат қылықтарды меңгерген адам өзінше ақылды болып есептеледі. Содан да көп өңір оңтүстіктен келген адамға сенімсізбен қарайды! Ей шындық ащысың бірақ жақсысың!
қонақ | 7 қараша 2017 18:28
Дұрыс айтасың Белгісіз
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті