1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15818) 20 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 маусым 2013
Жастарды алдап соғып, далада қалдырды

Келiнiм Жанат Кәдiрбекова 2009 жылы Ақтөбедегi А.Жұбанов атындағы музыка колледжiн бiтiрген соң, облыс орталығында жұмысқа қалғысы келдi. Мен қоярда-қоймай балам мен келiнiмдi өзiм тұратын Қобда ауданына шақырттым. Жас отбасыға қалада күнкөрiс қиындау, оларға елге келiп қор жинап алыңдар дедiм. Балалар ақылымды құп көрдi. Менiң бұлай деуiме сол кезде жергiлiктi билiк тарапынан қолға алынған “Дипломмен –ауылға!” бағдарламасы түрткi болды. Жас мамандарды ауылдарға тарту үшiн билiк тарапынан қолдау болатыны, бастапқыда бiр реттiк 100 мың теңге көтермелеу сыйақысы берiлiп, содан кейiн тұрғын үй берiлетiнi, арнайы тұрғын үй салынбаған жағдайда баспана сатып алу үшiн жас отбасыларға 2 миллион теңге қайтарымсыз қаржы берiлетiнi қайта-қайта айтылды.

Келiнiм Қобда аудандық музыка мектебiнiң домбыра сыныбына сабақ беруге кiрiстi. 2 айдан соң 100 мың теңге қолдарына тидi. Ендi жас мамандарға үй беру жағы қалай болатынын сұрастыра бастадым. Себебi ұлым да орта мектептiң жас мұғалiмi. 
Аудандық бюджеттi жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Марина Костюртова 2 миллионды үй салуға емес, үй сатып алуға бере­мiз дейдi. Себебi бюджетте солай қарастырылған. Ауылды аралап жүрiп сатып алуға лайықты үй iздедiм. Бiрақ 2 миллионға тұрғызылғанына ғасырға жуық уақыт өткен, жартысынан жерге кiрiп кеткен ескi жертөлелердi ғана таптым. Тәуiр үйлердiң бағасы 5 миллион теңгеден жоғары. Биыл Қобдаға газ келедi деген хабар жеткен соң, аудан орталығындағы тұрғын үй бағасы аспандап кеттi. Қайта айналып аудандық әкiмшiлiкке кел­дiм. 2 миллионға жөндi үй жоқ, сол қаражатты одан да үй салып алуға берсеңiздер тиiмдi болар едi дедiм. Аудан әкiмi бiздiң бер­ген көмегiмiз осы деп 10 со­тық жер бердi. Мұнысына да рақмет! 
Өзiм зейнеткермiн. Қолымдағы ескi көлiгiмдi, сиырларымды сатып балаларға бердiм. Үйдiң қабырғасын көтердiк, әу­пiрiмдеп жүрiп төбесiн де жаптық. Бiрақ орта жолда тұрып қалды. Себебi құрылыс мате­риалдары қымбат, қолдағы қаражат бiттi. Оның үстiне келiнiм дек­реттiк демалысқа шықты. Екiншi сәбиiн күтiп отыр. Ұлымның мұғалiмдiк бiр ғана жалақы­сымен үйдi аяқтауға шамасы жоқ.
Жағалап облыс әкiмiнiң орынбасары Роза Кемаловаға кел­дiм. Кемалованы көрген жоқпын, бiрақ оның қызмет бөлмесiне қарама-қарсы есiктегi бiр әйел адаммен жолықтым. Менiң тү­сiнгенiм, “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасына енгi­зiлген жас маманға 2 миллион теңге беру идеясы қағаз күйiнде ми­нистрлiктен министрлiкке бiрне­ше жыл бойы көшiп жүр екен. Әуелi Ауыл шаруашылығы ми­нистрлiгiнiң құзырында, сосын Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, ендi келiп жаңадан құрылған Өңiрлiк даму министрлiгiне ауысыпты. Әу бас­тағы шалағайлықтың не жауапсыздықтың кесiрiнен үкiметке сенiп, ауылға жұмысқа барған жас мамандар ендi әрi-сәрi күйде қалды. Не уәде етiлген 2 миллион теңге қолға тимедi, не тұрғын үй жоқ. Жергiлiктi билiк болса бастарын аулақ алып қашып отыр, жас маманның   тұрғын үй салуына ақша беру механизмi жасалмаған деп қолдарын жаяды. Соның кесiрiнен ауылға барған жастар тұрақтамай қалаға қайтып кетiп жатыр. Жастарды алдап соғып далада қалдырды. Бұлай етуге бола ма екен?
Мәлiк Нұрсұлтанов,
Қобда ауылы,
Қобда ауданы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті