1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 маусым 2013
Әркiм өзiнен бастаса...

Алматыда көпшiлiкке таныс желiлi асхана бар. Атын атап, түрiн түстемеудi жөн санадым. Себебi, бiрiншiден жарнама жасау ойымда жоқ. Екiншiден, қазiргi қоғамның солақай саясатының менiң кейiпкерiме кесiрiн тигiзгенiн қаламаймын.

Сол асханалардың басшысының қатаң қағидасы туралы алғаш естiгенiмде ерекше сүйсiндiм. Ол қандай қағида дейсiз ғой? Әлгi асхананың басшысы жұмысқа қабылдау барысында жұмыс сұраушының ең алдымен мемлекеттiк тiлдi жетiк меңгергенiне үлкен мән бередi екен. Кез келген қызметкер, тiптi еден жуушыларды да қазақ тiлiнде еркiн сөйлей алмаса, жұмысқа қабылдамайды. Бұл айтылғандардың растығын анықтау үшiн желiлi асхананың бiрнешеуiне арнайы барып көрдiм. Расында да, асхана қызметкерлерiнiң барлығы мемлекеттiк тiлде сайрап тұр.
Ұрандатып, митингiлеп ұлт мүддесi, мемлекеттiк тiл деп дабыраға салудан жалықпаймыз. Ұлтын сүю акция, пикеттермен анықталмайды екен. Әрбiр қазақ елiнiң азаматы ұлттық мүддеге қызмет етудi өзiнен бастаса, шешiмi табылмайтын мәселе қалмас едi-ау. Ойланып көрiңiзшi, расымен солай емес пе?!
Е.Әбдiқадыр,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті