1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 маусым 2013
ҰБТ жыры таусылмақ емес

Мiне, тағы бiр оқу жылы аяқ­талып, жалпы орта бiлiм алушылар өз өтiнiштерi негiзiнде ұлттық бiрыңғай тестiлеуден өттi. Бұл жолы да өткен жылғыдай бақылау қатаң болды, iшкi-сыртқы тәртiп сақталынды.

Бiлiмдiнiң бағы жанды, бiлiм­сiздiң салы суға кеттi.
Қош делiк, ҰБТ-да өттi.Бiрақ көңiлде кейбiр ойлар қалды. Соны сiздермен бөлiскендi жөн көрiп отырмын, құрметтi оқырман.
Бiрiншiден,ҰБТ жұмыстары уақтылы басталмады, бұл туралы ереже бұзылды. Бiлiм алушылар 1,5-2 сағат бойы бақылау, тексеруден өткiзiлiп, жауапты сынақ кеш басталды. Бұдан бала зардап шектi: күттi, уайымдады, толқыды, жүйкесi тозды, шаршады. Оған оның тест болатын күннiң алдындағы түнi ертеңгi күн үшiн алаңдап, жөндi ұйықтамағанын, ерте тұрғанын қосыңыз. Сонда оның жұмысы қандай болады, қандай нәтиже бередi деген сұрақ туындайды. Әрине, ата-аналар ҰБТ-ны уақтылы бастамаған мемлекеттiк комиссияны, ал олар шпаргалка, ұялы телефон т. б. алып келген бiлiм алушыны кiнәлайды. “Екi түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледi” дегендей, нәтижесiнде бала зардап шегедi. Бұл – бiр.
Екiншiден, конкурста есептелмесе, орыс тiлi пәнiнен (қазақ тiлiнде оқытатын мектептерде) тест тапсырудың не қажетi бар? Мен бұл туралы бұрын да жаз­ғанмын.
Үшiншiден,апелляциялық комиссия мүшелерi апелляция кезiнде қыруар еңбек етедi. ҰБТ-ға қатысушылардың өтiнiшiн қарайды, жауабы дұрыс болса, кейбiр пәннен балл қосуға ықпал жасайды, дұрыс болмаса, қа­телiгiн түсiндiрiп, қайтарады. Бұл үлкен жауапкершiлiктi қажет етедi. Оған аса бiлiмдiлiк, мықты күш- қайрат керек. Мiне, алды 8-9 жылдан берi апелляциялық комиссияның құрамында жұмыс iстеп келе жатқан бұл ұстаздардың да еңбегi педагог қызмет­керлердi аттестаттау кезiнде ескерiлсе деймiн.
 
Серғазы Әбiлмажанов, ұстаз,
Түлкiбас ауданы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті