1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 маусым 2013
Кешiрiм сұрады

“Жас Алаш” газетiнiң iлкiдегi санында “Оқырман хаттары” айдарымен “Сыпайылықты қашан үйренемiз” деген мақалам жарық көрген едi. Ол мақалада мен Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспiрiмдер кiтапхана­сындағы кейбiр кiтапханашы апайларға көңiлiм толмайтынын жан-жақты жазған едiм. Мақаланы жазуға себепшi болған Жанаргүл апай содан кейiн менi бiр ай iздептi. Таба алмауының себебi де бар. Ол уақыт аралығында мен Тараз қаласына “Ба­уыржан оқуларына” жол жүрiп кеткен едiм. Одан кейiн жазғы сессия емтихандарын тапсырумен жүрдiм.

Қазақстан тарихы пәнiнен мемлекеттiк емтиханды өте жақсы деген бағаға тапсырып, көңiлдi шығып келе жатқам. Ойым­да ештеңе жоқ. Универси­тетiң ауласында бiр апай: “Жанайдар!” деп айғайлады. Атымды атап шақырған соң, бұрылып бардым. Амандастым. Ол кiсi: “Менi танып тұрсың ба?” деп сұрады. Сөйтсем, ол кiсi мақала жазуға арқау болған кiтапхана­шы апай екен. Келген себебi, менiң алдымнан өтiп, кешiрiм сұрау екен. Үлкен басын кiшiрей­тiп, қатесiн түсiнiп келген апайға осы ретте алғыстан басқа айтарым жоқ. Кiтапханада менiң мақалама байланысты жиналыс болыпты. Кiтапхана директоры ол кiсiге қатаң сөгiс жариялапты. “Сенi iздемеген жерiм қалмады. Алдыңнан өтiп, кешiрiм сұрайын деп келдiм. Сенiң жазғандарыңның бәрi дұрыс. Менен қателiк кеткенi рас” дедi. Шыны керек, ол кiсiге жаным да ашып кеттi. Мен ол мақаланы бiреудi күстаналап, я болмаса жамандап, құбыжық етiп көрсету үшiн жазған жоқпын. Бұдан былай сондай жағдай қайталанбасыншы деп жазған едiм. Кiтапханашылар мен оқырмандардың арасында өзара түсiнiстiк болсыншы деген бейкүнә тiлек қана менiкi. Кiтапханашы Жанаргүл апай да, өзге кiтапханашылар да мұнымды дұрыс түсiнер деп ойлаймын.
Жанайдар БОЛАТБЕК,
I курс студентi,
Орал қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті