1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 маусым 2013
Ақылы оқудың “ақысыз” машақаты

Былтыр тестiлеуден тиiстi балл жинай алмаған балам амалсыз ақылы оқуға құжаттарын тапсырған-ды. Алайда жылына 250 мың теңге төлеп оқуға тиiс университет балама алғашқы күннен-ақ ұнамады. Босқа сандалмасын деп қинағандай етiп, сабағына жiберумен жүрдiк. Өкiнiшке қарай, бiр аптадан соң балам оқуға барудан түбегейлi түрде бас тартты. 

Бiрақ құжаттарын қайтарып алудың ретi түспей, желтоқсан айында әлгi университетке бармаймын ба. Сөйтсем, ректоры сызданып отырып, жарты жылдың төлемақысын төлеуге тиiс еке­нiм­дi айтты. Ау, бала бұл оқу орнында бiлiм алмаса, жарты жылдың төлемақысы не үшiн төленуге тиiс? Бұл сұрағыма “заң солай” деген жауап алдым. Сонымен не керек, қарызданып-қауғаланып жүрiп, биылғы тестке дейiн 160 мың теңге төлеп, баламның құжаттарын әрең қайтарып алдық. Айтпағым, бұл қандай заң сонда? Оқыса да, оқымаса да жарты жылдық төлемақыны университетке не үшiн төлеуiмiз керек? Онсызда ақылы оқулардың ең арзаны 350 мың теңгеден басталады. Бiлiм сапасының да сондай бағаға лайық екенiне сенбеймiн. Сөйте тұра, әлгiн­дей халықты қанауға бағытталған заңсымақтары барын қайтерсiң. Бiлiм министрiн­дегiлер қарапайым жұрттың қалтасын қағуды қашан қояр екен? Биыл да былыққа батқан ҰБТ-ның қызу науқаны басталды емес пе. Осыған орай өз басымдағы жайт арқылы ата-аналарға ескерту жасағым келедi. Мемлекеттiк грантқа iлiнбеген балаңызды адасып ақылы оқуға лажсыздан апарудан сақ болыңыз. Мүм­кiн болса, келесi жылғы кешендi тестiлеуге дайындалсын бала. Ақылы оқуға құжаттарыңызды өткiзсеңiз, машақатынан басыңыз қатып, қалтаңыздан түсiнiксiз заң бойынша ақшаңызды төлей­сiз. Ол кiмге ненiң құрметiне төленетiн ақша, оны ешкiм бiлмейдi.
Мәриям АСҚАРОВА,
Павлодар қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті