1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 маусым 2013
Бақытжан атаның аманатын орындай алмайтын сияқтымын

Батыр Бауыржан Момышұлының баласы Бақытжан атамен соңғы рет сөйлескенiмде қайта-қайта тапсырған бiр аманаты бар едi. Бақытжан Момышұлы 80 жасқа толғанда құттықтап барып, бiршама сұхбаттасып қайтқанмын. Сол кезде төрт жасар қызымды қай мектепке берудi бiлмей, басым қатып жүргенiн айтқанмын. “Қазақ мектебiнде оқытайын десем, кейiн тiл бiлмегендiктен қоғамнан теперiш көре ме деп алаңдаймын. Орыстiлдi мектепке беруге тағы жүрексiнемiн. Уақыт өте келе өз балам өзiме жат боп шықпай ма деген қаупiм де жоқ емес” дегенмiн. Сонда марқұм Бақытжан ата: “Бауыржан атаң ешкiмнiң алдында басын иiп, жарамсақтанып, болмаса батырлығын пұлдап өтiнiш жасамаған кiсi. Бiрақ өмiрiнде бiр рет қана немересi Ержан үшiн горисполкомға өтiнiшпен барған едi. Не үшiн деп ойлайсың? Немересi Ержанды қазақ мектебiнде оқыту үшiн бiрiншi рет және соңғы рет шенеунiктердiң алдына баруға мәжбүр болды. Қазақ мектептерi жоқ, орын жетiспейтiн кезеңдер едi ғой ол кез. Ал қазiр, Құдайға шүкiр, қазақ мектептерi көп қой. Ойланбай, қазақ мектебiне оқыт балаңды. Сол Ержан Алматыдағы жалғыз №12 қазақ мектебiнде оқыды. Қазiр орыс тiлiнде сөйлегенде дәп бiр орыстың баласы сөйлеп тұрғандай болады. Менiң айтпағым, қаланың баласы орыс тiлiн өзi-ақ меңгерiп алады. Ұлт болып қалу осындай мәселелерден басталады. Қайталап айтамын, орыс мектебiне оқыту дегендi қой. Ұтылмасаң, ұтпайсың одан”,­ – деп едi.

Кетерiмде де қайта-қайта шегелеп қызымды қазақ мектебiне берудi тапсырған Бақытжан ата бұл күнде жарық дүниеде жоқ. Биыл қызым 6 жасқа толды. Қыркүйек айы жақындаған сайын бiр кездерi атаға берген уәдемдi орындай алмайтыныма iштей қынжылып жүрген жайым бар. Қазақ мектебiнде балаңды оқыту оңай емес екен. Ол үшiн мықты тамыр-таныс керек. Қалтаң қалың болуы керек. Бұл – сен қаласаң да, қаламасаң да қазiргi қоғамның “талабы”. Осыған орай, “Жас Алаш” арқылы Бақытжан атаның аруағынан кешiрiм сұрап, “сiзге берген уәдемдi қазiргi саяси жүйенiң жазылмаған заңы орындатар емес. Қаны қазақ қызымды не аралас мектепке, болмаса орыс мектебiнде оқытуға мәжбүрмiн, кешiрiңiз” дегiм келедi.
М.КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті