1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 мамыр 2013
Мектеп бiтiрушi баланың шығыны қанша?

Санаулы күннiң iшiнде елiмiздiң барлық мектептерiнде “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны өтедi. Ыстық ұяларынан қияларға қанат қаққалы отырған түлектердiң есiнде бұл күн айрықша сақталары анық. Ал бұл күнi жұмсалатын қаражат – өз алдына бiр бөлек әңгiме...

Ал бiтiрушiлердiң киетiн киiм-кешегiнiң құнын қалтасы көтерген ата-аналар ғана алып бере алады. Мысалы, бiр кеште әрбiр бойжеткен өзiн нағыз ханшайымдай ал жiгiттерiмiз ханзададай сезiнгiсi келедi. Сондықтан да әр ата-ана баласының қатарынан қалмауы үшiн қалтасын тақырлап қағуға тура келiп тұрады. Қазiргi таңда, қалалық базарлардың өзiнде қыздар мен ұлдарға арналған киiм кешектiң iске татыры 30 мыңнан кем емес. Ал киiм сататын арнайы дүкендерге кiрiп, ұнаған костюм-шалбарыңмен немесе қыздарға арналған көйлектi ұстап, бағасын сұрасаң, жүрек талмасына ұшырауың мүмкiн. Бағаларына тоқталсақ, үйден тiгетiн тiгiншiден көйлек тiктiру 8 000 теңгеге шығады, ательеге тапсырысқа берсеңiз, жұмысының қиындығына қарай 10 000 теңгеден басталады. Өзiңiз қалаған көйлегiңiздiң үлгiсiн жасау, оны тiгу құнымен бiрге есептегенде 35 000 теңгеден басталады. Сондай-ақ, тiгiншiге тiктiру өз алдына, оған апаратын мата-материалдардың бағасы да удай. Ата-аналардың айтуына қарағанда, ұлдар жағы болса, мектеп бiтiру кешiне дайын костюмдi сатып алумен шектеледi, олардың бағасы да төмен емес: костюм құны шамамен 20 000 теңгеден басталса, жейдесi 5 000 теңгеден жоғары, галстук 1 500 теңге, туфли 8 000 теңге, орта есеппен алғанда киiмiне 35 мыңнан артық қаржы жұмсалатын көрiнедi. Түлектердiң алаңда болатын салтанатты жиынға дайындығы да алабөтен. Соңғы кезде бұрын болмаған жаңашыл “дәстүр” пайда болды. Мектеп бiтiрушiлер мерекелiк кешке қала iшiн улатып-шулатып кортежбен келетiндi шығарды. Әдетте қымбат көлiктердi жас жұбайлар жалдайтын, бүгiнде ол түлектерге де таңсық емес. Мәселен, Алматы түлектерiнiң қаланы 4 сағат айналуы 240-300 долларды құрайды. Бұл тағы да ата-ананың қалтасына түсер салмақ.
 
СIЗ НЕ ДЕЙСIЗ?
Алма Жорабаева, тiгiншi:
“Мектеп бiтiрушiлер­дiң кешi­не арналған тапсырыстар көп­түстi. Көбiсi атлас, фатин ма­таларынан тiгiлдi.  Бұл мата­лар­дың 1 метрi 2000-10000 теңгегедей тұрады.
Түлектердiң  кө­бi  ұзын етек­тi көйлек таңдайды. Ал бiз тiкке­нi­мiзге 7000-12 000 теңге аламыз”. 
 
Әсел Үмбетәли­ева,  маникюр шеберi: 
“Бiзге келушi жас түлектер  жасанды тырнаққа қызығушылық  танытады. Сондықтан жасанды тарнақтар жасап беремiз. 1500-6000 теңге аралығында бағалаймыз”.
 
Салтанат Әуелбекова, шаштараз:
“Шаш үлгiсiн бiз киетiн көйлегiне  және бет көлемi мен бойына қарап  жасадық.  Жiгiттерге шаш үлгiсiн жасату құны 500-2000 теңге аралығында болса, ару­лар­ға 2000-5000 теңгеге  дейiн  қызметiмiздi ұсынуға тура келедi”.
 
Сәуле Қожантаева, бет әрлеушi:
“Әр макияж адамның жасына қарап жасалады. Сондықтан бiз жас түлектердiң көздерiне мей­лiнше жабық түстi бояу жақпауға тырыстық. Себебi, жабық түс­тер адамның жасын екi есеге ұлғайтып көрсетедi. Түлектер жас әрi нәзiк көрiнуi үшiн ашық түстi бояу­ларды қолдану – бiздiң әдетке айналған”.
Әрине, он бiр жыл бойы бiлiм нәрiмен сусындатқан ұстазға iлтипат көрсетiлiп, алғыс айтылуы керек. Бiрақ ол алғыс шәкiрттiң алған бiлiмiмен, жеткен жетiстiктерiмен бiлдiрiлсе игi. Тек ата-ананың қалтасының қалыңдығымен емес... 
 
Iңкәр Сейтқазина,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң 3-курс студентi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті