1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 мамыр 2013
Ақ халаттыларға алғыс мол

Дәрiгердiң де естiсi, есерi бар. Бұлай деуiме өз басымнан өткен жағдайлар себеп. Күйеуiм сырқаттанып, дәрiгерлер көмегiне жүгiнген сәттерде көресiнi көргенбiз. Сол уақыттары ақ халаттылар қауымының терiс әрекеттерiнен қатты көңiлiмiз қалған-ды. Бес саусақ бiрдей емес екен... Жуырда он шақты күн Қазалы аудандық темiржол ауруханасында емделiп шықтым. Мұндағы ақ халаттылар­ға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бiрiншi, Жаратқан жар болып, екiншi – абзал жандар арқасында, шүкiр, денсаулығым жақсы. Ауруханада дәрiнi уақытында салады, тамақтандырады, тазалыққа қатты мән бередi. Тiптi, таңертең қол жуатын жылы суын да дайындап қояды. Түшкiрiп қалсаң, жаныңа жетiп келiп, жағдайыңды сұрайды. Терапия бөлiмiнiң меңгерушiсi Бақыт Айжарықова, дәрiгер Нұрлан Кәрiбаев, медбикелер Алуагүл Ишинова, Гүлназ Әзiмбекова, Шәмшагүл Қаниевалардың қай-қайсысы да жүздерiнен мейiрiм төгiп, қалтқысыз қызмет еттi.

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дейдi қазақ. Жанға дауа, дертке шипа сыйлаған абзал жандардың жақсылығын айта отырып, алда келе жатқан төл мерекелерiмен құттықтаймын.
 
Күлән ӨТЕШ,
Қожабақы ауылы,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті