1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 мамыр 2013
Бiлiмдi жастарды қолдай бiлсек игi

Жастар арасында қордаланып отырған мәселелердi 2020 жылға дейiн шешу үшiн мемлекет тарапынан тұжырымдама жасалғаны баршамызға аян. Дегенмен, бiрқатар мәселелер тасада қалып бара жатқан секiлдi. Солардың iшiндегi әлеуметтiк маңызы жоғары мәселенiң бiрi – жоғары оқу орындарындағы бiлiм алу, анығын айтқанда, талапкерлердiң мемлекеттiк грантқа ие болу мәселесi. Осы саладағы өзiмнiң ой-пiкiрiмдi қоғам талқысына салуды ұйғардым.

Әне-мiне дегенше, бiрер айда мыңдаған жастар мектеп қабырғасынан түлеп ұшуға да­йын отыр. Үлкен өмiрге араласуға бiр табан жақындаған сайын түлектердiң де, ата-аналардың да бойында үрей мен үмiттiң арпалысуы жиiлей түсуде. Оның басты себебi – ҰБТ деп аталатын сынақ алаңы. Баласының болашағына алаңдаулы ата-аналар ЖОО-ға түсiрудiң түрлi “нұсқалары” мен айла-шарғыларын ойластырып, тамыр-таныстарды жағалап, “бiлiм саудасының” көрiгiн қыздыратын күн де алыс емес. ҰБТ бiрқатар шендi-шек­пендiлер мен жұмыртқадан жүн қырқып үйренгендердiң табыс көзiне айналғаны баршаға аян. Бiр өкiнiштiсi, тамыр-таныстыққа арқау болатын тестiлеу нәти­жесiнде бiлiмi таяз, тiптi кей жағдайда мүлдем бiлiмi жоқ талапкерлердiң грантқа ие болып, нағыз оқыған, бiлiмдi жеткiн­шектердiң оған iлiнбей қалуы секiлдi оқиғалар жиi көрiнiс бередi.
Тағы бiр ойландыратын мәселе,ҰБТ нәтижесiнде талапкердiң өзi қаламайтын, бiрақ балы жетуi себептi, профилдi пәнiне байланысты таңдаған үшiншi не төртiншi мамандықтың бiрiнiң грантқа iлiнуi болып отыр. Мемлекеттiк кадр саясаты үшiн бұл дұрыс та шығар, алайда жүрек қалауымен емес, тек грант­қа түсу мүмкiндiгiне байланысты бiлiм алу жастардың талпыныс пен iзденуге деген құлшыныстарын төмендететiнi жасырын емес. Сондықтан бұл мә­селенi де ескеруiмiз қажет.
Соңғы 12 жылда  жоғары бiлiм алуға берiлетiн гранттар са­ны 182 пайызға ұлғайған. Десек те, ақылы бөлiмде оқитын студенттердi ынталандыру мәселесi тасада қалып келедi. Бiз 2, 3, 4-курстар мен магистратураның 2-курсында ақылы түрде оқитын бiлiмгерлер арасында бiлiмi мен үлгерiм деңгейлерi жақсы студенттер үшiн қосымша байқау өткiзiп, гранттар бөлудi қамтамасыз етуiмiз қажет. Бұл өз кезегiнде студенттер арасында бiлiмге деген құштарлыққа итермелесе, ал бiлiмдiлердi мақсат­керлiкке тәрбиелейдi. Сонымен қоса, өзi қаламайтын мамандықта оқып жатқан жастарға өзi таңдаған мамандығында оқуға қосымша мүмкiндiк болар едi. Сондықтан осы бастаманы қазiргi жастар, оның iшiнде жастар ұйымдары талқылап, қолдап, билiкте отырған ел ағаларынан талап ете бiлсе, онда өз болашақтарын өз қолдарына алу мүмкiндiгiне ие болады деген ойдамын. Ал атқа мiнер­лерiмiз “жастар болашағы – ел болашағы” екенiн ескерiп, бiлiмдi жастарды қолдай бiлсе игi.
 
Нұрбол Байқонақов,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті