1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 мамыр 2013
Жәрдемақы балалы аналарға берiле ме, жоқ әлде қалталы аналарға берiле ме?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi С.Әбденовтiң назарына!

Мен көпбалалы анамын, күмiс алқа иегерiмiн. 18 жасқа дейiнгi балаларға тиесiлi жәрдемақымды ала алмай отырмын. Отбасымда кiрiс кiргiзетiн – өзiм ғана. Күйеуiм – жұмыссыз. Бiрақ үйде отырған күйеуiме 18 660 теңге табыс табады деп қол қойдырады, “сиырың кiрiс кiргiзiп тұр” деп оны да қосып қойды. Сиырыма жем, шөп бермесем қалай кiрiс кiргiзедi? 
Бiр балам 18 жасқа толған. Ол да жұмыссыз, екiншi балам – студент. Ақы төлеп оқиды. Ал 2 балам оқушы, қалған 2 балам үйде. Сонда 5-6 баласы бар аналар жәрдемақы алмағанда кiм алады?
Ауыл комиссиясы мен аудандағы жұмыспен қамту орталығы бiр-бiрiне сiлтеп отыр.
Таңғаларлығы, қорасында 5-6 жылқысы бар, сиыры, қойы бар кiсiлер мен ала алмаған жәрдемақыны алып отыр. Бұл жәрдемақы балалы аналарға берiле ме, әлде қалталы аналарға берiле ме? Әдiлдiк қайда?
 
Алмагүл Рахатова,
Бозкөл ауылы,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті