1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 мамыр 2013
Алыптың бәрi ауылда

Ауылда күш-қайраты тасыған, жiгерлi жастар көп. Оларға тағылымды тәрбие, саналы сабақ үйрете алсақ құба-құп. Әсiресе, спортқа бейiмi, икемi бар өрендердi көптеп тәрбиелеуге болады. Бiздiң ауыл жастарының бүгiнгi жетiстiктерiне қарап отырып, осы төңiректе қалам тербеудi жөн көрдiм.

2005 жылы Мәдениеттегi бос тұрған ескi мектеп ғимараты спорт мектебi болып ашылған едi. Жаттықтырушылар жұмысқа қабылданып, ауыл балаларын спортқа баули бастады. Көзге түскен­дерi облыс орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа жолдама алып жатты. Шүкiр, бүгiнде спорт мектебiнен қанат қаққандар биiк белестердi бағындырып келедi. 2009 жылғы Қазақстан Републикасының II жастар спорт ойындарында бокстан 46 кг. салмақ дәрежесiнде Оралжан Болатбеков (жаттықтырушысы – Б.Әбенов) жүлдегер болса, үстiмiздегi жылы Гүлдана Мұратқызы (жаттықтырушысы – Г.Қаппарова) деген қызымыз дзюдо күресiнен жас­өспiрiмдер арасында Семейде өткен Қазақстан бiрiншi­лiгiнде жеңiмпаз атанып, Испаниядағы халықаралық турнирге жолдама алды. Ал Мадридте өткен бәсекеден Гүлданаға чемпиондық атақ бұйыртты. Айта берсек, мұндай республикалық, облыстық байрақты бәсекелерде топ жарған балғын жерлестерiмiз жетерлiк. Осы тұста Мәде­ниет ауылының тумасы, облыстың бас спорт­шысы Садық Мұстафаев туралы айта кетсем деймiн. Ол ауылда спорт мектебi ашылуына тiкелей мұрындық болды.
Қазiр көп елдiмекендерде спорт мектебi жоқ. Сондықтан алдағы күндерде осы олқылықтың орны толтырылса, ауылдағы талай таланттың тұсауы кесiлерi сөзсiз.
 
Болатбек Нұржанов,
Мәдениет ауылы,
Жалағаш ауданы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті