1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 мамыр 2013
Табылды Досымовтың рухына

Оқырман шығармашылығынан

Жыры жасын, әнi дүр, қайран Табыл!
Өнердiң өлкесiне жайған тамыр!
Iзгi мақсат айналып арманға тұл –
Аймаңдай ұл сыймады жалғанға бұл.
 
Сыймады, дүниеге, маңдайға да,
Жүретiн тыңдаған жан таңдай қаға!
Тiрiсiнде тұлғалық iрiлiкпен,
Өз биiгiн анықтап қойған дара!
 
Сарқылғанда, тоқтап қап қайнары жырдың,
Қайғының тастай, зiлмауыр салмағын бiлдiм.
Табылдың әнiн салдырып қалың Адайға,
Мұң-шерiне Алаштың айналып жүрсiң!
 
Не айтамын: сұм тағдыр сынына қарсы
Қатыгез сынды бiрақ та ұғына алсамшы.
Бейопа өмiр сырларын түсiнгiң келсе,
Дүр Табылдың әнiн сап, жырын толғашы!
 
Өмiрзақ ЖҰМАБАЕВ,
Шалқар қаласы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті