1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 мамыр 2013
Жемқорларды қатаң жазалау керек

Телеэкранды қосып қалсаң да, газеттердi ашып қалсаң да еститiнiмiз: “жеп кеттi”, “өлтiрiп кеттi”, “ұрлап кеттi”. Бұл жағдай” қашан тыйылады? Тәуелсiздiк алғалы берi жемқорлық өршiп кеттi. Осының салдарынан жер дауы, тұрғын үй дауы да толастар емес. Байыған жұрт шетелге қашады. Осы ақшалар үкiметке қайтса, әйелдердiң зейнетақысы шешiлер едi деп ойлаймын. Жалпы, бiздiң Қазақстан елi бай дегенге өз басым сенбеймiн. 

Баяғыда бiздiң бiр топ қазақ Мысыр елiне саяхатшылап барыпты. Ара-арасында дүкен, базар аралапты. Қауқылдасып өзара қазақша сөйлесiп жүрген ғой. Сол жерде жүрген бiр қазақ әлгiлердiң сөзiн естiп, жақындап келiп танысады. Сөйтсе, ол отс­тавкадағы генерал екен. Көп жыл полицияда iстептi. Содан бiздiкi­лер ол кiсiден ұрлық туралы, тәртiп туралы сұрайды ғой. “Мұнда тәртiп күштi. Ең соңғы ұрлық 1949 жылы болды. Эфиопиядан келген бiр жiгiт бiреудiң әмиянын ұрлап алыпты. Оны ұстап алып, көшеде халықтың көзiнше қолын шауып, қайнап жатқан майға шапқан қолды тыға қойыпты. Сосын байлап берiптi. “Ендi қайтiп ұрлайсың?” десе керек. Содан кейiн ұрлық болған емес”, – дептi отставкадағы генерал.
Менiңше, бiзде де жемқорлар­ға сондай шара қолдану керек. “Мына шолақ қол халықтың несiбесiн жеген” деп бiз де бiлiп жүрер едiк. Мiне, сол кезде бiзде жемқорлық пышақ кескендей тыйылар едi.
 
Ш.Жақияұлы,
Ақсу қаласы,
Павлодар облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті