1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 мамыр 2013
Жаңа құрылымды қолдағанымыз дұрыс

Мен бұрынғы кеңестiк дәуiрдегi бiлiм беру жүйесiне еңбегiм сiңiп, зейнеткерлiк жасымды абыроймен атқарып жатқан ардагер ұстазбын. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облысымызда құрылған бiлiм саласын бақылау департаментi бұрынғы өзiм еңбек еткен мектепке келiп, тексерiп кеткен жұмысының қызу талқыланғанының куәсi болдым.

Әңгiмеге құлақ түрiп, жақынырақ сұрастырсам, бақылау департаментiнен келген комиссия мүшелерi мектептегi кемшiлiктердi нақты атап-атап көрсетiп, өз iсiне немқұрайлы қараған мектеп директорының тиiстi орынбасарларының кемшiлiктерiн бүкiл педагогикалық ұжымның алдында ашық түрде айтып, қатаң сынға алыпты.
Қаншама жыл мектеп әкiмшiлiгiнiң құрамында “жайлы креслоға” жайланып алған дүрдей-дүрдей мектеп директоры орынбасарларының кемшiлiгiн мұғалiмдер қайдан бетiне басып айта алсын... Мiне, мектеп ұжымы осыған шын көңiлден риза болып, бiлiм саласында бiр сiлкiнiстiң басталғанын бас шұлғи отырып, мойындап отырды. Осы оқиғадан кейiн мен қарт ұстаз ретiн­де осы “бақылаудың” жұмысына қатысты мәселелерге елеңдеп отыратын болдым.
Бiзде бiр жақсы iс басталса, соны күндеп “қаралауға” дайын тұрамыз, бұл жаман әдеттiң бойымызға жақын екенi жасырын емес. Бұл ойды қозғап отырғаным, соңғы кезде облыстағы бiлiм басқармасы мен аумақтық бақылау департаментiн “екi қошқар­ға” теңеп, екеуiн “сүзiстiруге” ниеттенген жандардың қарасы көбейiп барады.
Егер бiз мектепке адасып келiп қалған сапасыз мұғалiмдерден, мектеп басшыларынан айырылғымыз келмей, өз қоғамымызда өзiмiз “шiри” бергенiмiздi қалайтын болсақ, баспасөз беттерiндегi осындай бақылау департаментiнiң атына босқа “қара күйе” жаққысы келетiн ағайындардың бұл әрекетiн болашаққа “балта шабу” деп бiлемiн. Одан басқа бұл тiрлiкке анықтама жоқ.
Осыған дейiн “бармақ басты, көз қыстымен” бiлiм саласының сапасына өтiрiк ақпар берiп, бiлiмдi сатып алуға бейiм тұратын жас ұрпақты өсiрдiк...
Басқа ешбiр мамандық адамға дәл мұғалiмге қойылатындай талаптар қоймайды. Педагогтiң қызметiн бағалау да өте қиын. Оның сапасын сызғышпен өлшеп, әрбiр мысқалына дейiн таразыға тартатын да дүние емес. Сондықтан да бiлiм саласындағы ақсап жатқан тұстарымызды түзетуге мүмкiндiк туғызып жатқан жаңа құрылымға ел болып қолдау көрсетiп, олқылыққа жол берiп, талапқа сай жұмыс iстей алмай отырған бiлiм мекемелерiне ұйқыдан оянып, сiлкiнiс жасайтын сәт туды дегендi айтқым келедi.
 
Әсия НҰРТАЕВА,
ардагер ұстаз,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті