1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 мамыр 2013
Ескерткiш қираған, аты-жөнi жазылған тақта ұрланған...

Менiң әкем Мырзахан Таңсықбаев екiншi дүниежүзiлiк соғысқа кетiп, қайтып оралмады. Ең болмаса қайда жерленгенiн бiлгiм келiп, жан-жаққа хат жазып, мұрағаттардан iздестiрдiм. Ақыры Подольск қаласынан жауап келдi. Атқыштар батальонында әскери қызметiн атқарып, 1942 жылдың 20 ақпанында Калинин (қазiргi Новгород) облысы, Холм ауданы, Мазуры деревнясында қайтыс болыпты.

Жеңiс мерекесiнiң 40 жылдығына орай “Көктөбе” ауылының “Алмалы” бөлiмшесiнде соғыстан оралмаған азаматтарға ескерткiш орнатылған едi. Мен әкемiң аты-жөнiн сол ескерткiшке жаздырттым. Мереке күндерi әкем дәл сол жерде жатқандай, аты-жөнiн қо­лыммен сипап, тағзым етiп кететiн едiм.
Мiне, үш жыл болды сол ескерткiш қираған. Соғыста қайтыс болғандардың аты-жөнi жазылған тақта мүлде жоқ. Мұны алғаш көргенде “Қандай оңбағанның қолы барып алды екен..” деп қатты қапаландым. Мен әкемдi арулап қойған жоқпын. Топырақ та салған жоқпын. Көп жылдардан берi тақтада жазылған аты-жөнiн қанағат тұтып келiп едiм...
“Көктөбе” ауылының әкiмi­не, аудандық әскери комиссариатқа (Аманбек Саматов, Төлеген Қазақбаевқа) ес­керт­кiштiң жағдайы туралы айтып, хат жаздым. Олар: “Жөндеймiз, бәрiн жасаймыз”, – дедi. Бiрақ әлi күнге дейiн ештеңе жасалмады...
Менiң ауылымнан бiреудiң ағасы, бiреудiң бауыры, әкесi, баласы соғыс­қа кеттi. Қаншама адам оралмады, орал­ғандардың көбi жоқ. Бәрiнiң аты-жөнiн жаздырып, орталықтан жер бөлiп, ескерткiш орнатылса екен.
Бiз ұмытсақ, бiзден кейiнгi ұрпақ мүлде ұмытады.
 
Балқия Мырзаханова, зейнеткер,
ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi,
Талғар қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті