1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15790) 14 наурыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 наурыз 2013
Дүмше молда ел бұзар

Көптен мазам қашып, бармаған дәрiгерiм қалмады. Содан таныстарымның айтуымен ме­шiтке барып, молдаға дем салдырмаққа бел будым. Мұсыл­ман­ға жүктелген тазалық шарттарын сақтап, жұма күнi ниетте­нiп мешiтке бардым. Намаздан кейiн адам аяғы саябырсыған сәтте кең бөлмеде жайғасқан молдекеңе жағдайымды түсiндi­рiп, нендей ниетпен келгенiмдi айтып едiм, “Бойыңа жын-шайтан жайғасқан ғой. Тазалап беремiн. Кез келген бiр күндi белгiлесең, жаныма екi имамды ертiп барып, үйiңде оқимыз. Әрi үйiңдi де тазартамыз”, – дедi. Бағасы жиырма мың теңгенiң айналасы екен, ойланып қалдым. Денсаулықтан артық не бар, келiстiм. Сол жерде бiр рет дем салмақ болған имамның алдына тiзерлей жайғастым. Кенет үйленген жас жұбайлар некесiн қидырмақ болып, жастар топырлай кiрдi. Күте тұрыңыз деген ишара жасаған молдекең апыл-ғұпыл неке қиюға кiрiстi. Өзiмнiң де Ислам iлiмiнен аздап хабарым бар едi. Молде­кеңнiң қылығы ерiксiз таңдандырды. Той салтанатымен киiнiп, алып-ұшқан жас­тарға “Фатиха” мен “Ықыласты” судыратып оқып, неке шарттарын шала-шала орындап, некенi әп-сәтте қиып-ақ тастады. Мына көрiнiс­тен есiмдi жинай алмай отырғанымда, тағы бiр үйленген жұп достарымен кiрiп келдi. Бұл жолы тiптi сорақы жайтқа куә болдым. Алдыңғы жұбайлардың берген ақшасының бiр мың теңгесiн жерге түсiрiп алған имамның бар ниетi жерде жат­қан ақшаға ауды. Өзiнiң қандай сүре оқып отырғанына мән бермегенi сондай, аяғының астында жат­қан ақшаны ала алмай әлек. Аузы жыбырлап Құран оқыса, аяғы сидаңдап ақшаны өзiне қарай тарта алмай аласұрған молдамыз неке шарттарындағы “маһр” сұрау бөлiгiн ұмыт қалдырды. Бет сипасып екi жас тобымен шығып кеттi. Сол сәтте аруақ­тар­ға Құран бағыштатуға келген тағы бiр-екi адам да ақшасын ұсынып, риза болысып шығып кеттi. Кенет әлгiнде некесiн қидырып кеткен жұбайлардың бiрi қайта келiп: “Аға, бiзден маһр құны сұралмады, неге?” – деп сұрады имамнан. Тапқан пайдасын маған бiлдiрт­пей санауға кiрiскен молдекең саспаған күйi: “Солай ма? Маһр құны сұралмап па? Онда келiн қайда, келiңдер, сұрата салайын”,– демесi бар ма.

Мешiттен шыққанда, бастап­қы ойымнан айнып қалдым. Себебi, мынадай молдаға үйiмдi де, өзiмдi де тазалатпай-ақ әр барғанымда түрлiше жазып бере­тiн дәрiгердiң дәрiлерiн iшiп жүре берудi ұйғардым.
 
Сманқұл ЕСIМБЕК,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті