1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15790) 14 наурыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 наурыз 2013
“Жас Алашым”, жасай бер!

Оқырман шығармашылығынан

Әр кездерi елiңмен,
“Жас Алашым” бiргесiң.
Үлес қосып сенiммен,
Қаластың елдiң iргесiн.
 
Шындықты айттың жасырмай.
Әдiлдiк болды мақсатың.
Мықтыларға бас ұрмай,
Алашқа шықты жақсы атың.
 
Ғасырда көне жас болдың,
Сөз айттың елге ұнамды.
Ғасырда жаңа бас болдың,
Айтпадың сөздi күмәндi.
 
“Ақырын жүрiп, анық бас” –
Болды ең басты ұстаным.
Ақиқат қуған жалықпас,
Жалқаулық болды дұшпаның.   
Қалдырдың артқа тiрлiктiң,
Талай асу, белесiн.
Харамдық пенен ластықтың,
Қас жауы болып келесiң.
 
Қызмет етiп шындыққа,
Семсерi болып келесiң.
Бой бермей қулық-сұмдыққа,
Еңселi болып келесiң.
 
Әр ғасырға қартаймай,
Жас болып қана енесiң.
Мәңгi жас боп әр таймай,
Қаларыңа сенесiң.
 
Жалғандықтан жасқанып,
Ығып қалған жерiң жоқ.
Қарсы тұрдың қасқайып,
Бұғып қалған жерiң жоқ.
 
Шындықты елге жеткiздiң,
Өсiрмей де, iсiрмей.
Елiңдi тәнтi еткiздiң,
Iрi алдында кiшiрмей.
 
Газетi болып сағындыр,
Оқырманның сүйiктi.
Әлi де алда бағындыр,
Асқаралы биiктi.
 
Зиялы ердiң жанашыр,
Жеткiзiп елге сөздерiн.
Жас ұрпақтың жаңашыл
Аша бер сана, көздерiн.
 
Жасап жатқан жақсылық,
Еңбегiңдi ел елер.
Құшағында жақсы үмiт,
Ғасырларға ене бер.
 
Жамандыққа қас болып,
Қаларыңа сенедi ел.
Мәңгi бақи жас болып,
Жылдан-жылға ене бер.
 
Бiрге болып елiңмен,
Ғасырларға жете бер.
Алға басып сенiммен.
Ел үшiн еңбек ете бер.
 
Жiгер мен қол арт сенiмге,
Еңбегiң берсiн жемiсiн.
Аңғырттау елiңде
Жалғаса берсiн жеңiсiң.
Нұрадин ҚАНАТБАЕВ,
Арал қаласы.
ҰБТ-дағы келеңсiз жағдайларды болдырмауға бола ма?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті