1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15786) 28 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 ақпан 2013
Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояды

Көрермендер үшiн әзiл-сықақ театрының iшiнде “Шаншардың” орны бөлек. Солай бола тұрса да, жуырда “Хабар” арнасындағы “Ду-думан” бағдарламасынан осы театрдың “Қыз Жiбек” деген қойы­лымын (авторлары: У.Әбдi­райымов, Н.Төлендиев) көрiп, онда лиро-эпостық (ғашықтық) жыр – “Қыз Жiбегiмiздегi” екi жастың сүйiспеншiлiк сезiмi, аянышты халi, қайғы-зары мазаққа айнал­ғанына қатты қапаландым.

Жазушы Сәбит Мұқанов “Ха­лық мұрасы” деген еңбегiнде: “Қыз Жiбекте” ерекше есте қалатын көрiнiс – қазақ көшiнiң салтанаты мен қазақ қыздарының образдары”, – деп жазыпты. Өкiнiш­тiсi сол, “Шаншар” әзiл-сықақ театры­ның әртiстерi халқымыздың осындай қымбат қазынасын аяққа таптады. “Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояды”. Яғни, шектен шықты. Сонда олар үшiн кө­рермендердiң күлкiсi, қоше­метi, қазылар алқасының жоғары бағасы, “Ду-думанның” бас жүл­десi ұлттық құндылықтарымыздан да маңызды болғаны ма? Ал асыл мұраны қастерлеу – ұрпақ парызы екенiн ұмытып, осы қойылым кейiпкерлерiнiң аузына салынған әр сөзге iшек-сiлесi қата қол соққандарға не дерсiң!? Олар Төле­ген­нiң (“Шаншарлықтардың” сөзi­мен айтар болсақ, Толик) аузымен айтылған: “Бекерден бекер өлдiм де қалдым” деген сөзiне қыран-топан. “Ду-думандағы” осы кө­рiнiстерге күйiнге­нiм­де ақын Тұманбай Молда­ғалиевтың:
Арбамайды жүрегiмдi өзге өлең,
Меңiреу жан – махаббатты сезбеген.
Ғашықтықтан туды менiң бар жырым,
Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен, –
деген өлең шумағы есiме түстi. Неге екенiн қайдам, бәлкiм, Төлеген мен Жiбектiң арасындағы махаббатты қадiрлеп өскен­дiгiмнен болар, әлгi жыр жолдарын iштей қайталай бердiм: “Меңiреу жан – махаббатты сезбеген...”.
Иә, бүгiн “Қыз Жiбек” дастанындағы шынайы махаббат, арман-тiлек, қасiрет-зар мазаққа айналды. Ал ертең...
Мен бұған бейжай қарай алмадым. Өз ойымды қағазға тү­сiрiп, ренiштi үнiмдi көпшiлiкке жеткiзуге талпындым. Қысқасы, мен қандастарыма: “Қастерлi мұраға қорған болайық!” дегiм келедi.
Құттымұрат РАМАНҰЛЫ,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті