1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15786) 28 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 ақпан 2013
Тасаттық беруiмiз керек

Соңғы кездерi жиiлеп кеткен апаттар әрбiрiмiздi алаңдатуға, ойлантуға тиiс. Себебi Жаратушының қаһарына ұшыраған ел жер бетiнде жазасын аларын ұмытпайық. Бұған Гаити мем­лекетiндегi су тасқынын, Жапония­дағы зiлзала мен АҚШ-тағы алапат дауылдар мен құйындарды мысал етсек, жетiп жатыр. Соңғы уақытта Алматының төңiрегiнде айналшықтап “жүрген” жер сiл­кiнiсi ненi бiлдiруi мүмкiн? Бәлкiм, бұл Жаратушының бiзге ескертуi болар?

Ата-бабамыз мұндай жағдайда тасаттық берушi едi. Тасаттықтың мәнi – тәубеге келу. Қауым болып жиналып, Алладан тiлек сұрап, дұға жасау, көпшiлiк болып жалбарыну – әсте қателiк емес. Менiңше, алматылықтар және жалпы қазақстандықтар бiр күндi белгiлеп, арнап мал сойып, Құран оқып, дұға жасап, тәубеге келгенi дұрыс. Қанша шалқайсақ та, қанша жерден ас та төк малымыз болса да, бiр құдiреттiң алдында пенде екенiмiздi мойындауға тиiспiз. Алланың алдында әкiм де, шенеунiк те, қарапайым адам да – бiрдей. Сондықтан басшы-қосшы, шендi-шекпендi, жай ғана адам болып тасаттық өткiзу мәселесiн қарастырып, ұйымдасқан түрде бiр күнi өткiзсек, ұтылмаймыз. Онсыз да түкке тұрғысыз жиын-тойлар, форум-саммиттер өткiзiп, ақшаны желге шашып жатыр мемлекетiмiз. Ал халықтың қауiпсiз тiршiлiк етуi үшiн бар болғаны бiр мал сойып, дұға бағыштауға, менiң­ше, көп шығын кетпейдi.
 
Алмат КҮЗДЕУБАЕВ,
Көкшетау қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті