1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15786) 28 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 ақпан 2013
Аралдың табанынан су кеткелi халқының жүрегiнен сыз кетпейдi

Арал ауданының әкiмi Мархабат Жайымбетовтiң назарына!

Жақында Қызылорда облысында ауыс-түйiс болды. Бiр ауданның әкiмiн екiншi ауданға ауыстырды. Зейнет жасына жеткен Арал ауданының бұрынғы әкiмi Мұсабаевқа “зейнеткер” деген атақ берiлiп, елге iстеген қызметi үшiн алғыс бiлдiрiлдi. Сөйтiп, маңдайдағы соры бес елi осы ауданға су жаңа әкiм келдi. Аты – Мархабат, тегi – Жайымбетов.
Аралдың табанынан су кеткелi халқының жүрегiнен сыз кетпедi. Оған себеп – халықтың төмен дәрежеде өмiр сүруi. Жанайқайды әкiмге барып айтуға көп жұртшылықтың көңiлi қоштай бермейдi. Әдемi сөзбен арқадан қағып, айналайынын айтып, шығарып салатын әкiмдерден мезi бол­ған.
Арал жаққа бара қалсам, еститiнiм: “...жүрiсiмiз мынау, көрiнген жолсерiктiң темiр вагонына телмiрiп...”, “...шағын дүкен ашып ем, ауыл әкiмi ай сайынғы мерекелiк кештер үшiн соңғы тиы­нымызды сыпырып алады”, “арақ сатып отырғаныңды айтамын деп қорқытатындар бар...”, “балаларымыз сауатсыз, тәрбие­сiз мұғалiмдерден тәлiм алып жатыр”, немесе “жұмыс болмаған соң отағасы қаңғырып iшiп кеттi, отырысымыз осы, шиеттей бала-шағаға нан тауып бере алмай...”.
Иә, естiген құлақтың иесi ерiксiз күрсiнерi анық. Менiң құлағым бұл сөздердi ести-ести жа­уыр болған. Тым болмаса, iшкi тәртiптi жөндеп, аудан халқының тұрмыс деңгейiн жақсартатын жұмыс нысандары пайда болса дейсiң. Ескi әкiмнiң жыл сайынғы жылдық тойларынан халықтың жүрегi айныған әбден. Бiздiң ауданға ренжитiн аруақ жоқ шығар, сiрә. Биыл бiр батырдың жүз жылдығын тойласақ, бес жылдан кейiн жүз бес жылдығын тойлаймыз. “Өлi риза болмай тiрi байымайды” деген ұстанымды жұрт­тың тiптi ұстанғысы да келмейтiн болған. Ат шаптырып, ас берiп сыйласқан жақсы ғой. Бiрақ халықтың әлеуметтiк жағдайы ол дәрежеге жете қоймаса не iстерсiң?! Жаз болса тұтас аудан­ға таза судың тамшысы да келмей қалатын жайттар жыл сайын болып тұрады. Жаздың шыжыған ыстығында құбырдың қалай жарылатынын бiлмеймiз, әйтеуiр құ­бырлары жарылып қапты деген сылтауды көп естидi. Балықтан басқа өнiмi жоқ бұл өңiрге жасанды болса да жемiс бағы керек. Аудан емханасының кұлағалы тұрған қабырғасынан күн кө­рiнедi. Айта берсе әңгiме көп...
Ауданға жаңа әкiм келдi деген соң бiраз жылдан берi жиналып қалған елдiң мұңын ескертейiн деп жазып отырғаным ғой. Мұның барлығын экс-әкiм кеткеннен соң айтып отыр дей көрмеңiз. Бұрын­ғы әкiмнiң көз алдында болған, тозығы жеткен мәселелер бұл. Орнын таппаған соң жаңасына құлаққағыс етейiк деген ниет бiздiкi. Әрине, жетпiс мың жанның көңлiнен шығу мүмкiн емес. Бiрақ өзектi деген мәселелерге өрелi iс қылсаңыз екен деген тiлегiмiз бар. Елдiң ағылып, төгiлiп жатқан ештеңесi жоқ. Қолда барды нәсiп етiп, жоқтың артынан қайырын тiлеп отырғандар.
 
Қалила АҚБӨПЕ,
Астана қаласы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті