1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 ақпан 2013
Мерекелiк демалыс күндерiнiң зияны

Соңғы жылдары елiмiзде мерекелiк күндер мен оған берiлетiн демалыстың көбей­генi сондай, апталап жұмыс тоқтайтын болды. Қазақ күнтiз­бесiн ашып қарасаңыз, 2013 жылдың бақандай 14 күнi ресми мейрам күндерi етiп белгiлен­ген. Олардың жұма, сенбi күндерiне дәл келетiн­дерiнiң саны алтау. Бұл қосымша төрт-бес күн демалыс деген сөз.

Демалыс деген жақсы ғой. Бiрақ тоқтап қалған жұмысты қайтпекпiз? Жалпы, демалыс кiмдерге тиiмдi? Әрине, қалтасы қалың, ақша табуды уайымдамайтын байшыкештер мен шенеунiк, бастықтарға. Жеке бизнесi бар, бюджеттен қым­қырған қаржысы бар мұндайлар аптаның жетi күнiн демалыс етiп белгiле­се де қарсы болмас. Мемле­кет­тiк және бюджет қызмет­керлерi де толассыз демалыстардан ұтыла қоймайды. Себебi демалыс күндерiнiң ақшасын түгелiмен алады. Ал бiзде бұл топтардан бөлек өз бетiмен күнiн көретiндер де бар емес пе? Мәселен, әр күнiн жалданып ақша табумен өткiзетiн­дер үшiн әлгiндей демалыстар тiптi тиiмсiз.
Бiрiншiден, бiр демалыс уа­қы­тында кем дегенде екi күндiк нәпақасынан айырылады. Мәселен, мен жүк тасушы болып күндiк жалақыға жалданып жұ­мыс iстеймiн. Демалыс күндерiн­де екi қолға жұмыс таппай, бала-шағамның күн­делiктi сұранысын өтей алмай, ерiксiз қарыз­ға бататын кездерiм көп. Мемлекеттiк қызметке тұрудың қазақстандық жолы өте қиын екенiн бәрi бiледi. Амалсыз жалданып, жалақы табуға тура келедi. Алайда ит-құстан көп демалыстардан қайыршыға айналатын болдық. Онсыз да өндiрiсi мен өнеркәсiбi тұралап қалған бiздiң мемлекетте қит етсе демалатын күндер көбейту­дiң керегi бар ма?
 
Самат БАЙКЕНОВ,
Ақмола облысы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті