1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 ақпан 2013
Бiзден де бiр тiлек

Соңғы екi жарым жылдан берi тыныштығымыздың бұзылып тұрғанын бәрiмiз де көрiп, бiлiп жүрмiз: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Тараз, Жаңаөзен, кейiнгi Арқанкерген, Ақсай сайы, 2012 жылғы төрт ұшақ апаты, кешегi Шымкент пен бүгiнгi Алматыдағы ұшақтар апаты... Қара жерiмiз де күңiренуiн жиiлетiп тұр... Бұған қоса қилы жарылыстар, атыстар, жол апаттары бiрнеше мың адамның өмiрiн алып кетiп, бейбiт жатқан халықты үрейлендiрiп, қазақстандықтардың қабырғаларын қайыстырып барады. Қазақстан ұлттық азалы күндердi басынан өткiзуде.

Бұл кiмнен, неден, қайдан, қай пейiлiмiзден?
Исматулла жарықтық зi­кiрiн салып, зiкiрiнiң соңынан: “Шопанымыздан Елбасына дейiн, Елбасынан шопанымыз­ға дейiн Алла тыныштық бере көр, қазағымның жерiне, елiне татулық, бiрлiк, береке бере көр”, – деп тiлеп, көзi­нен парлаған жас сақалынан ағып отырып дұға жасап бата берушi едi. Ел iшi тыныш болатын.
Аққа қара жағылып, жала жабылып абақтыға тоғытылып кетiп бара жатып Исматулла: “Бұл маған Алланың жiберген бiр сынағы шығар, шыдармын, көнермiн. Бiрақ елден, жерден, халықтан тыныштық кете­тiн болды-ау... Осыны бiлсе, ойласа ғой менiң басыма қара бұлт үйiргендер...” дептi.
Исматулланың осы сөзiн халыққа, қалың оқырман қауымға жеткiзудi өзiмнiң мұсылмандық парызым деп есептедiм. Бұл қайғы-қасiрет­тердiң себебiн әркiм әр жақтан iздейдi. Қалай арыламыз бұл пәлелерден? Менiң­ше, мұның жолы бар: елдiң, жер­дiң, халықтың тыныштығын Алладан тiлейтiн тiлеушiлерге қылдай қиянат жасамау керек.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Адамдарға мейiрiмдiлiк танытпағанды Алла тағала мейiрiмiне бөлемейдi” дептi. Мейiрiмдi, қайырымды ұмытпайық, бiр-бiрiмiзге кешiрiмдi болайық.
 
С.Бекбосынова,
зейнеткер,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті