1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 ақпан 2013
Шенеунiктер неге шетелде емделедi?

Былтыр Алматы қаласының әкiмi А.Есiмов алқалы жиында «Ауруханалар адамдардың неғұрлым көбiрек ауырғанын қалайды және соған мүдделi» дедi.

Ендi әкiмнiң дәрiгерлер­ге қатысты айтқан сөзiн неге ерекшелеп алғаныма тоқталайын. Тек Алматының ғана емес, елдегi бүкiл ауруханалар мен ондағы дәрiгерлер халықты емдеуден гөрi, көп ұзамай өздерiне қайта келуiне күш салатыны жасырын емес. Денiмiздi сауықтырамыз деп барған науқастың бойынан басқа да аурулар «тауып» алып, басын шыр­ғалаңға салатын да – қазақстандық дәрiгерлер. Сау адамды ауру етiп, ауруын бақилық етуден алдына жан салмай отырған да – бiздегi медицина саласы. Қазiр айы­на кем дегенде екi адамның дәрiгердiң сауатсыздығынан мүгедек болып жатқаны немесе көз жұмғаны туралы ақпарат тарайтын болды. Бұған етiмiз өлiп кеткенi сондай, үйреншiктi жайтқа айналды. Былтыр ақтөбелiк жiгiтке «екiқабат» деген диаг­ноз қойып, сол бойынша «емдеген» дәрiгерлердiң «бiлгiштiгiн» бүкiл БАҚ жазды емес пе...
Аурухананың табалдырығын тоздыртуға мәжбүрлейтiн дәрiгерлер науқастың жанын мазалаған дерттi дөп басып табуы өте сирек кездеседi. Ойына келген диагнозды қойып, албаты дәрi егу ар­қылы адам ағзасының сау мүшелерiн iстен шығарудың шеберi деп бiздiң дәрiгер­лер­дi айтсақ, қателеспеспiз. Ал ендi осындай сорақылықтың бастауы қайдан шықты, себебi мен салдары қайда жатыр? Бұрындары күнкөрiс­терiнiң төмендiгiн, жалақысы аздығын айтып, ұлардай шулайтын медицина мамандары қазiр қандай сылтауды алға тартуы мүмкiн? Басшыларын айтпай-ақ қояйық, қарапа­йым медбикелерiнiң өзi жұ­мысқа көлiкпен келетiн жағдайға жеткен. Соған қарамас­тан, өз iстерiне салғырт қарау дәрiгерлердiң дағдысына айналып кеткендей. Сол салғырттық халықты ауруханаға ерiксiз «байлап» тастады емес пе? Егер бұл айтқандармен келiспесеңiз, айтыңызшы, шенеунiктер неге шетелде емделедi? Өйткенi қазақстандық ауруханаға бiр барған адам сол жерге түбегейлi тәуелдi болып, ақырында сол жақтан ана дүниеге аттанады.
 
Еламан БАЙДОС,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті