1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15776) 24 қаңтар, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қаңтар 2013
Алаяқтар қарттар үйiне де қол салды

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Щучье қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекеме бастығының әлеуметтiк жұмыстар бойынша орынбасары Г.Н.Қалиеваны алаяқтық жасағаны үшiн 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Гүлнәр Нұрғалиқызы 2011 жылы осы мекемеге әлеумет­тiк жұмыстар бойынша маман есебiнде қабылданған. Сол жылы мекеме басшысының әлеуметтiк бағыттағы орынбасары қызметiне ауыстырылған. Iс жүзiнде мекеменiң барлық әлеуметтiк мәселелерi бойынша жалғыз өзi жауапты болған. Бiрақ Гүлнәр ханым өзiне берген лауазымдық қызметтi бас пайдасына пайдаланып, мекеме тұрғындары мүгедек, кәрi жандардың жеке шоттарындағы ақшаларын жымқырып, өзiнiң бас пайдасына жұмсаған. Әсi­ре­се, бақилық болып кеткен, мұрагерлерi жоқ қарттардың құжаттарын пайдаланып, олар үшiн ай сайын зейнетақы алып отырған. Мемлекетке келтiрiлген шығын көлемi 1 миллион теңгенi құрап отыр.
Сот Г.Н.Қалиеваны ҚР ҚК 177-бабының 3-тармағы “г” бөлiгi бойынша кiнәлi деп танып, жеке дүние-мүлкiн тәркiлеп, ортақ тәртiптегi түзеу мекеме­сiнде жазасын өтеу үшiн 4 жыл мерзiмге бас бостандығынан айырды. Г.Н.Қалиева сондай-ақ жаза мерзiмi өтелгеннен кейiн 3 жыл көлемiнде мемле­кеттiк мекемелерде басшылық қызмет ат­қара алмайтын болды.  
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті