1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15776) 24 қаңтар, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қаңтар 2013
Мұхтар Әуезов сияқты тұлға керек-ақ

Соңғы кезде шежiрешiлер қаптап кеттi. Мұхтар Мағауиннiң “Шыңғыс ханын” оқып шықтым, ал шежiре жазғыштардың оны оқығанына күмәнiм бар. М.Мағауиндi оқығаннан кейiн, көп нәрсенi бiле бермейтiнiңдi мойындайсың.

“Сары орыстың бәрi орыс” дегендей, бiздiң бәрiмiз, яғни “Шыңғыс хан” басын бiрiктiрген тайпалардың бәрiн еуропалықтар азиаттар деп атайтынын да естен шығармайық.
Тектi деп кiмдi айтамыз, тексiз деп кiмдi айтамыз? Әкеден ұл туса құл болам деп тумайды. Қай қазақ өзiн тексiзбiн дейдi? Ондай қазақты кездес­тiр­генiм жоқ. “Әлемдегi ең таза қан – қазақтiкi. Нағыз ақсүйек халық – қазақ. Оның бойында ғасырлар бойы жиған тектiлiгi бар!” – деп жазды “Орталық Қазақстан”. Солайы солай, оған дауымыз жоқ. Тәуелсiздiк алғаннан берi талай жерде, талай ортада айтып келе жатқан сөз. Қызы К.Маркстен “Шындық деген не?” – деп сұрапты. Сонда К.Маркс: “Шырағым, ол дә­лелдеудi керек ететiн нәрсе”, – деп жауап берiптi. Сол айтқандай, бiз тектiлiгiмiздi қалай дәлелдеп жүрмiз? Әңгiме осында. Дәлелдегенде, бiздiң “жаңа қазақтарды” өзге жұрт тектiлер ұрпағынан деп мойындай ма? Әлде, бекер мал шашарлар, елiнiң байлығын оңды-солды шашып жатыр дей ме? Байлығымыз өсiп жатқанда, ұрпағымыз өсудiң орнына неге азайып азып барады? Әлде тектiлер деп жүргенi­мiз кiлең тексiздер ме? Өткен ғасырда Ғ.Мұстафин айтқан, “ұлтшылдықпен күресiп едiк, ендi ұлтсыздықпен күресуiмiз керек” – дегендi сәл өзгертiп «тектi­лер­­мен күресiп едiк, ендi тексiз­дiк­пен күресуiмiз керек» деп жар саламыз ба?
Қай уақытта, қай заманда қазақ қыздары темекi шегiп, орыстың, кәрiстiң, қытайдың құшағында кетiп едi. “Қызға қырық үйден тыйым” дегендi ұмыттық. Қазiр қазақ қыздары темекi шегудi дәреже көредi. Орысқа тұрмысқа шыққандарын мақтаныш тұтатын болды. Гендерлiк саясат деген тағы бар. Мұсылмандық жолына түскен қыздарымыздың да оңып кеткенi шамалы. “Ұлт болам десең, бесiгiңдi түзе!” – деп жар салатын ұлтжанды Мұхтар Әуезов керек-ақ болып тұр.
 
Серiк ХАМИТҰЛЫ,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті