1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15774) 17 қаңтар, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 қаңтар 2013
Қадиша апайдан естiген әңгiмем есiмнен шықпайды

...1959 жылдың маусым айы болатын. Бiрде жұмыстан келген күйеуiм “Қарағашта тұратын немере ағам Сәдуақас қайтыс болыпты” деп еңiрегенде, өзiм аяп кеттiм. Қазадан кейiн көп уақыт өтпей, менiң қарсылығыма қарамастан сол жаққа көштiк. “Ағайдың жылын берген соң қайыра келемiз. Үш кiшкентай баламен еңiрегенде етегi жасқа толып жеңешем жалғыз қалды. Есiн жиғанша қолдау көрсетуiм керек”, – дедi. Жұмыстан шықтым. Менi күйеуiм “Белқараған” деген мал қыстағына бiр-ақ апарды. Бұл қыстақта қой бағатын бiр кiсiнiң үйi және мектеп жасында балалары бар тағы 2-3 отбасы тұрады екен. Менiң жолдасым сол бөлiмшеге тиесiлi жүк машинасын жүргiздi, бастығы Мұқы деген бригадир. Екеуi таң ата колхоздың жұмысына кетедi, қонаға бiр-ақ келедi. Тiптi, кейде келмей де қалады. Себебi “Белқараған” орталықтан әжептәуiр қашық. Мен Нескен жеңгеммен бiрге тұрғандықтан от басы, ошақ қасындамын. 1960 жылдың қысында сол қыстақта Мұрат деген ұлым дүниеге келдi. Қыс өтiп, жаз болды. Күйеуiм Сәдуақас ағасының жылын өткiздi. Орталықтан асқа жүк машинасын лық толтырып адамдарды өзi алып келдi. Келген кiсiлер Құран бағыштаған соң қайтып кеттi. Ал Қадиша апа жеңгемнiң қасында екi-үш күн қонақ болып жатты. Екеуi өткен-кеткендерiн айтып арасында жылап та, күлiп те алады. Қадиша апа бұрын бiздiң жеңгеймен абысын болған. Екеуiнiң де күйеулерi – соғыс құрбаны. Қадишаның жолдасының аты – Әсiл, ал Нескеннiң күйеуiнiң аты Әби екен. Қадиша жауынгердiң шаңырағын құлатпай, ата-енесi мен балаларын бағып отырып қалыпты да, Нескен соңынан Бибiш атты қызын ертiп, Сәдуақасқа тұрмысқа шығыпты. Әсiлдiң артында Үми және Қайшабек атты екi қыз қалыпты. Уақыт өте Үми де, ата-енесi де қайтыс болыпты.

“Ал сiз неге тұрмысқа шықпадыңыз?” – дедiм Қадиша апаға. “Әсiлдi соғысқа аттандырып тұрып, көз жасымды көлдетiп, соғыстан аман келуiн тiлеп, “шаңырағыңды құлатпаймын, отыңды сөндiрмеймiн” деп Алланың атымен уәде бердiм, – дедi Қадиша апа, – Қайшабегiмдi тұрмысқа бердiм. Қазiр Молдабаймен тұрамын”. “Ол кiм?” – деймiн мен. “Әсiл түсiмнен кетпедi. Оның соғыстан қайтпайтыны белгiлi едi. “Уәдең қайда?” дейдi түсiмде. Отыңды өшiрмеймiн дегенiмдi есiме салғаны ғой. Сөйтiп, күйеуiмнiң жақын туысымен араласып, Молдабайымды туып алдым. Жолдасымның да, атамның да шаңырақтары өшкен жоқ. Молдабайым аман-есен ер жетiп, артымда қалса арманым жоқ” деп күлiмсiредi апа. Қадиша апа соғыстың құрбаны болған күйеуi Әсiл Жидебаевтың өзiне жазған өлең шумақтарын жатқа айтты. Менде бәрi жазулы, қаттаулы. Мiне, содан берi талай жыл өттi. Бiрақ Қадиша апайдың айтқан әңгiмесi менiң есiмде мәңгi қалыпты.
Қадиша апаның Молдабайы – ел сенiмiн ақтап жүрген азамат. Ал балалары жауынгер атасының атын биiк ұстап, елiнiң ертеңi боларына сенiмдiмiн.
 
Шәрбан Мұхамедияқызы,
Атасу поселкесi,
Арқа ауданы,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті