1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15774) 17 қаңтар, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 қаңтар 2013
Қурчатовқа бiр қаланы оп-оңай бере салдық

Қазан төңкерiсiнен кейiн Ленин Тұрар Рысқұловты Моңғолияға жiбередi. Т.Рыс­құловтың моңғол халқына сiңiрген еңбегi көп. Моңғолияның қазiргi астанасы Улан-Батордың атын да Тұрар Рысқұлов қойған. Мұның қазақшасы – “Қызыл Батыр”. Ал Моңғолияның өсiп-өнуi үшiн тер төккен ағамызға моңғол “жолдастар” Улан-Батор қаласынан бiрде-бiр көшеге атын берген жоқ. Ал бiзде, Шығыс Қазақстан облысында Курчатов атында қала бар. Мәрмәр тастан орнатқан дәу ескерткiш тағы бар.

Курчатов деген кiм? Ресей ҒА академигi, физик, атом бомбасын жасаушы ғалым. 1949 жылы Семей атом полигоны ашылғанда ядролық сынаққа сиыр, қой, ешкi, мысық, ит сияқты үй хайуандары қойылды. Сонымен қатар Абай ауданының қазақтары да қойылды. Ол сынақтардың зардабы Семей облысының халқына әлi жүздеген жылдарға жетедi. Бiз сөйткен Курчатовқа бiр қаланы оп-оңай бере салдық...
 
Мақсұт Тоқжiгiт,
Благодарное ауылы,
Үржар ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті