1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15766) 13 желтоқсан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 желтоқсан 2012
Мектеп директорын сайлау қиын емес, бiрақ...

“Жас Алаш” газетiнiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Мектеп директорын сайласақ...” деген ұсыныс-мақала жарияланды. Осыған байланысты өз пiкiрiмiздi бiлдiрсек деп едiк.

Бiз Алматы облысы, Талғар ауданына қарас­ты Кеңдала ауылындағы жаңа мектепке директорды халықтың қалауымен сайлау мәселесiн көтерiп, қол жидық. Оқушылар мен ата-аналардың арасында сауалнама жүргiзiп, мектептi басқаруға лайықты азаматты iздестiрдiк. Көптiң қалауы жоғары бiлiмдi, көп жылдық тәжiрибесi бар қазақ тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi Битуғантегi Айболға түстi. Халыққа сауаттылығымен, адал, кәсiбилiгiмен таныс Айбол Әбдiмәжитұлын мектеп директорлығына сайламақ болдық. Ауылда жұмыс болмаған соң, қалаға барып-келiп жүрiп жұмыс iстеп жүрген оған бұл туралы хабарладық та. “Ауылдың мектебiне директор емес, мұғалiм болсам да жетедi” деген Айбол қаладағы жұмысынан да шығып, ауылға келдi. Бұл бастамамыз туралы аудандық бiлiм департа­ментiне де хабарлап, ол жақтың келiсiмiн де алдық. Алайда бастаған iсiмiз аяқсыз қалды. Әне-мiне деп созбалаққа салынған бұл мәсе­ленiң шешiлетiн түрi көрiнбедi. Ал А.Битуған­тегiне Талғар ауданы әкiмiнiң орынбасары Райхан Нұрмырзақызы да, сол кездегi оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi Әбдiхалықова Клара да “жаңа мектепке бiрiншi кезекте өзiңiз жұмысқа алынасыз” деп сендiредi. Бiрақ одан берi екi жылдан астам уақыт өттi. Жаңа мектебiмiзге талай ұстаз келiп кеттi. Әйтеуiр жұрт жақтаған Айболды жұмысқа алуға тиiстi мекемеде­гiлер енжарлық танытып келедi. Бұл жерде де сыбайласқан жемқорлықтың iзi бар сияқты, әйтпесе неге халықтың талап-тiлегi ескерiл­мейдi?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті