1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15766) 13 желтоқсан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 желтоқсан 2012
Ала дорбаға байланған өмiр

Мен Қызылорданың шаң басқан ауылдарының бiрiненмiн. Ауылда халықтың көбi балық шаруашылығымен күн көрiп отыр. Бұл ауылда балық түгiл, су да жоқ. Қалың құмның ортасы. Бiрақ жоқтан бар жасап, көршi ауылдың көлiне құда түскен. Бүкiл Арал ауданын асырап отырған Қамбаш көлi десе де болады. Қызылорда өңiрiнiң үстiнен өткенде көк пойыздың iшiнде балық сатып жүргендердi молынан кездестiресiз. Осы балықтың бәрi – Қамбаш көлiнiң балығы.

Анам да бiздi сөйтiп, көк пойызды кезiп жүрiп асырады. Оқытты-тоқытты, аяқтандырып Астанаға жiбердi. Ондағы мақсаты: “Әйтеуiр, жақсы жерде бiлiм алыңдар, жас кездерiңде бiлiм алғанға не жетсiн” деп, өзiнiң жас­тық шағының қиындықпен өткенiне қынжылатын. Бiздiң үй ғана емес, бұл ауылдың көп үйiндегi тiршiлiк сол. Егер ауылда тұрақты жұмыс көзi болса, сол адамдар темiр жолды жағаламай-ақ, бiрлесiп еңбек етер едi ғой. Елiмiз бай болғанымен, сол байлықтың рақатын кiм көрiнген керегiне жаратуда. Балақтағы биттiң басқа шапқанына төзiп келе жатқан халқымыз төрдi басқаға берем деп тәлтiректеп далада жүр. Қолданып жатқан шара жоқ, қолға алып жатқан адам жоқ. Қалада да сол қазақ көше бойында шемiшкесiн сатып, не болмаса базарда арба айдап, сырттан келген басшылардың еденiн жуып күн көрiп жүр. Үкiметтен берiлетiн әлеуметтiк көмектiң өзi қыруар баланың күнделiктi тамағына жетпейдi де. Есептеп қараңыз, Алтын алқалы аналарға берiлетiн 10 000 теңгенi бiр айда жетi баланың тамағына жеткiзу мүмкiн бе? Бiрақ сол он теңгемен де күнелтiп отырғандардың бары рас. Ол үйдiң балалары киiм түгiл, тамақтың өзiн тойып iшпейтiнi анық. Қасиеттi елдiң қасiретi де осы емес пе? Сонда Алтын құрсақты аналардың 9 ай бойы көтерiп 9 баланы өмiрге әкелгенде, шетелге шығып бiр темiрдi бiр минут көтерiп келген спортшылар сияқты қадiрi болмағаны ма? Елiмiз Олимпиададан алтын әкелгендерiне стипендия тағайындағанда қазақтың қарадомалағының санына сан қосқан аналарға мұндай құрмет неге көрсетiлмейдi?!.
 
Қалила АҚБӨПЕ,
Астана қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті