1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15762) 29 қараша, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 қараша 2012
Жас мамандардың аттестациядан өтпей қалғанын қалай түсiнуге болады?

“ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн кезектен тыс аттестациялаудан өткiзу туралы” жарлығына биылғы жылы мемлекет басшысы қол қойды. Онда бұл аттестация өз iсiне немқұрайды қарайтын, бiлiктiлiгi төмен, сол секiлдi органдарда мемле­кет­тiң беде­лi­не нұқсан келтiрген, моральдық-өнегелiлiк сапалары төмен және жемқорлық пиғылдағы бiлiксiз қызметкерлерден тазарту мақсатында жүргiзiледi делiнген. Әрине, бәрi дұрыс. Бiрақ Алматы облыстық IIД-де бiр жыл жұмыс iстеген, IIМ-нiң арнайы оқуын бiтiрiп келген жас мамандардың аттестациядан өтпей қалғанын қалай түсiнуге болады? Президент өз жолдауында жастар саясатын ұстау, онда жастарға қолдау көрсету, оның iшiнде жас мамандарды оқыту, үйрету, жас кадрларды жұмысқа бейiмдеу, материалдық және әлеуметтiк көмек көрсету туралы айта келiп, “себебi жастар қоғамымыздың болашағы” деген едi. Ал осы мамандарға көмек көрсетудiң орнына неге жұмыстан шығарады? Оларға мүмкiн­дiк берiп, лауазымы төмен жұмысқа ауыстыруға болар едi ғой, әлде полковниктер мен генералдар жас болмап па екен? Немесе IIМ-iнiң оқу орнында өз iсiне немқұрайды қарайтын, бiлiктiлiгi төмен, өнегесiз, жемқорларды оқыта ма?

Аттестациялауды өткiзу ере­же­сiн­де, аттестациялауды өт­кiзу жөнiндегi қағидалар бойынша 3 жыл IIО-да қызмет iстеген қызметкерлер өту керек. Ал арнайы IIМ оқуын бiтiрiп келiп, бiр жыл қызмет iстеген полиция қызметкерлерi осы сынаққа түспеу керек едi. Әлде сынақтан өту есебiне қызметкерлер саны жетпедi ме екен? Түсiнбе­дiм...
 
М.Әбiлғазы,
Талдықорған қаласы,
Алматы облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті