1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15762) 29 қараша, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 қараша 2012
Қайтiп күн көремiз?

Қазақстан Кедендiк одаққа кiргелi келеңсiздiктер күн өткен сайын көбейiп барады. Бұл одақтың саясат­қа пайдасы бар да шығар. Бiрақ ауыл-ауылда жер мен мал шаруашылығымен тiршiлiгiн жасап отырған бiз сияқ­тыларға бұл одақтың зияннан басқасын көрiп отырғамыз жоқ. Президенттiң өзi “есектiң артын жусаң да мал тап” дедi. Яғни, “өз күнiңдi өзiң көр, үкiметке алақан жаюды қой” дедi. Осыдан кейiн баяғыдай үкiмет пен партиядан қайран болмайтынын жұрт та түсiндi. Қолда бар iрiлi-ұсақты малы мен ұлтарақтай жерiн игеруге кiрiскен. Билiктiң нұсқауымен өз күнiмiздi көруге әрекеттенiп-ақ жатырмыз. Өкi­нiшке қарай, өз билiгiмiз өзiмiзге қиянат жасап отыр. Қиянат емей, немене, әлгiндей Кедендiк одаққа елiмiздi мүше етiп, халықты соған кiрiптар етiп қойса?!

Кедендiк одаққа кiргелi күн­кө­рi­сiмiздiң сәнi де, мәнi де кеттi. Қолда бар малымызды сатып, киiм-кешек, ас-суымызды түгендейiн десек, ресейлiк, беларусьтық ет өнiмдерi бiздiң тауарымызды ығыстырып, шетке шығарып тастауда. Малымызды сатуға базарға апарсақ, алушылар ең төмен ақыға сұрайды. Ол ақшаңыз, ең болмаса, малдың жеген жем-шөбiн ақтамайды да ғой. Еттей өткiзейiн десең, келiсiн ары кетсе, 700-800 теңгеге бағалайды. Бұл ақшамен қай жыртығымызды жамаймыз? Амалсыз қой, сиырымызды қол­да бағуға мәжбүрмiз. Бiрақ оған алатын жем-шөптiң бағасы шарықтағаны сондай, қалтамызды түбiне дейiн қағуда. Ау, сонда өз күнiн өзi көрем деген жұртқа жағдай жасап бере алмайтын, есесiне пайдасынан зияны мол одаққа қосақтаған үкiмет пен билiк өз халқына жау болғаны ма? Мұның ақыры не болмақ? Алыс ауылдарда тек мал өсiрiп күнелткен бiз сияқтылар не iстеуi керек сонда? Не қалада жұмыс, баспана жоқ. Не ауылдағы шаруашылыққа жасалар жағдай жоқ. Мына түрiмiзбен түбi құрып бiтетiн шығармыз...
 
Б.Маженова,
Жаңақала қаласы,
Батыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті